Аймақтар • 19 Тамыз, 2025
Өмір сапасын арттыру – басты міндет
Қостанай облысының Николаевка ауылында жылдар бойы ауызсу мәселесі шешілмей келеді. Енді елді мекенде орталықтандырылған су жүйесі іске қосылып, ауыл тұрғындары таза ауызсумен қамтылады. «Amanat» партиясының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан жоба құрылысы осы жылдың қараша айында аяқталады. Мұндағы жұмыс барысымен Мәжіліс төрағасының орынбасары Альберт Рау мен депутат Еркін Әбіл танысты.
Білім • 19 Тамыз, 2025
Шетел университеттерінің филиалы: бүгіні мен ертеңі
Қазір отандық жоғары білім саласында асқаралы жоспар жүзеге асырылып жатыр. Мұны салалық министрлік «Миссиямыз – елімізде академиялық хабқа айналдыру» деп түсіндіреді. Бәрі елімізде 5 шетелдік жоғары оқу орнының филиалын ашудан басталды. Бүгінде халықаралық әріптестік нәтижесінде шекараның сыртынан келген 20-дан аса ұйым жұмыс істеп тұр. Бұл біздің мектептерді бітірген түлектерге өз өлкесінде әлемге белгілі оқу ордаларының дипломын алуға жағдай жасайды. Десе де көбі мамандарды ақылы негізде даярлайды, бірақ биыл тегін оқуға мүмкіндік ашылды.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 19 Тамыз, 2025
Айналдырған алты жыл ішінде Қазақстан электролиз зауытының белді қызметкеріне айналып үлгерген Елдос Жұмабеков бүгінде металлургия саласының туын абыроймен желбіретіп келеді.
Аймақтар • 19 Тамыз, 2025
Абылай аспас сары бел – Арқаның құт мекеніне айналған Баянауылда төрт асылдың торқалы тойы өтті. Мойылдыбұлақ жанындағы жазық далада 80-ге жуық киіз үй тігіліп, халқымыздың салт-дәстүрі көрсетілді.
Қоғам • 19 Тамыз, 2025
Ерекше қажеттіліктері бар адамдарға инватакси қызметін көрсету агрегаторларын пайдалану жөніндегі қанатқақты жобаны іске асыру қарқын алып келеді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бастамасымен биылғы жеті айда Астана мен Алматыда 266,8 мың рет инватакси қызметі көрсетілді.