Аймақтар • 12 Тамыз, 2025
Түркістан өңірінде облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Абаймен ойлан, Абаймен толған» атты онкүндік өтті.
Абай • 12 Тамыз, 2025
Солтүстік Қазақстан облысы орталығындағы С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми, әмбебап кітапханада «Ұлы халықтың ұлы Абайы» атты мәдени іс-шара көрмеден басталды.
Абай • 12 Тамыз, 2025
Тұтастықты тұғырландыратын бастама
Ұлы Абайдың тойын маңғыстаулықтар айрықша атап өтті. Семей жеріне аттанған делегация тойға шашу ретінде әрі Президент тапсырмасын орындау мақсатында Достық үйін салып беретінін жария етті. Ақынның мерейтойына арналған іс-шара аясында нысанның іргетасын қалау рәсімі де ұмыт қалмады.
Құрылыс • 10 Тамыз, 2025
Құмырсқаның илеуінен құрылыс нысанына дейін
Әңгімені әлімсақтан бастасақ, адам зәузаты табиғат тылсымын ұғып, шикі асты құнарға, құр тасты құралға айналдыруды үйренген сәттен бастап, өзіне жайлы мекен жасауға бейімделе берді. Құмырсқаның илеу қазып, қарлығыштың ұя салғанын көрген арғы нәсіліміз баспана маңызын ұғына түсті.Тарих тамырына үңілсек, Африкадағы Олдувей шатқалында адамдар лава кесектерінен тегіс алаң жасап, алғашқы құрылыс әрекетін осыдан 1 млн 750 мың жыл бұрын жүзеге асырған көрінеді. Ал қазіргі қазақ даласындағы алғашқы құрылыс та тым ерте, біздің заманымыздан үш мың жыл бұрын Ботай қонысында басталған. Осы уақытта бабаларымыз жылқыны қолға үйретіп, балшық пен ағаштан жасалған үйлерді тұрғызып үлгерген. Дәуір доңғалағы айналып, жаңа заманға жеткізген қазіргі күнде де еліміздегі құрылыс қарқыны бәсеңдеген емес. Қала жаңарып, ауыл түлеп, инфрақұрылым кеңейіп жатқан тұста бұл саланың жүгін арқалап жүрген мамандардың еңбегі ерен.
Аймақтар • 09 Тамыз, 2025
Шаруалардың еңбегі еш кеткені ме?
Жаз мезгілі жетсе, диқандар даурығып жатады. Өткен жылы өңірде қант қызылшасына қатысты мәселе өршісе, биыл диқандар алқапқа еккен қарбызын сата алмай шырылдады. Шүмектеп төккен тері өтелмеген соң шаруалар қынжылмағанда кім күйінеді? Еткен еңбек еш кеткеніне өкінген олар қамығып отыр.