Қоғам • 09 Тамыз, 2025
Жасөспірімдерге арналған жазғы лагерь
Жастардың азаматтық ұстанымдарын қалыптастыру, отансүйгіштік сезімдерін нығайтып, тұлғалық дамуына ықпал ету мақсатында Ақтөбе қаласының колледждері мен жоғары сынып оқушыларына арналған «Aqtobe camp-2025» жобасы ұйымдастырылды. Үш күн бойы 50 жасөспірім Мәртөк, Қарғалы, Қобда аудандарын аралап, мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлік нысандар жұмысымен танысты, табиғат аясында серуендеп, экологиялық іс-шаралар ұйымдастырды.
Аймақтар • 09 Тамыз, 2025
«Agrofest» ауылды дамытуға серпін береді
Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданына қарасты Сұлукөл ауылында республикалық ауқымдағы маңызды оқиға – «Agrofest Batys – 2025» мамандандырылған ауыл шаруашылығы көрмесі өтті. Биылғы фестивальға 40-тан аса ауыл шаруашылығы ұйымы қатысқан.
Аймақтар • 09 Тамыз, 2025
Жаһандық рекордтар кітабына енді
Амангелді ауданындағы «Торғай тәжі» туристік кешенінде орналасқан «Ұлт жады» қабырғасы «Global Book of Records» кітабына енді. Ені – 35, биіктігі – шамамен 4 метрдей болатын мемориалдық нысанға қазақ қауымына қастерлі 248 тарихи тұлғаның есімі жазылған ескерткіш тақта ілінген. 200 тақтаның астындағы ұяшықта әлемнің 35 елінен арнайы әкелінген ұлы бабаларымыздың сүйек топырағы жатыр.
Үкімет • 09 Тамыз, 2025
Үкімет өңірлік даму тұжырымдамасын бекітті
Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Мемлекет басшысы тапсырмасының орындалу барысы туралы айтып, өңірлік даму, инфрақұрылымды жаңғырту, су ресурстарын басқару мен ТЖМ дайындығын арттыру жөніндегі стратегиялық бастамаларға назар аудартты.
Аймақтар • 09 Тамыз, 2025
Тараз қаласында кейінгі жылдары ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Облыс орталығының маңындағы Байзақ, Жамбыл аудандарынан бірнеше елді мекен енші алып шығып, қала аумағына қосылды. Нәтижесінде, Тараз қаласында «Жібек жолы», «Әулиеата» аудандары құрылды. Бұл өз кезегінде шаһардағы жұмысты дер кезінде жүйелеуге мүмкіндік туғызады. Өйткені шағын аудандардағы біршама мәселе алдымен екі аудандағы әкімдікте зерделенеді.