Пікір • 08 Тамыз, 2025
Қазақстанның ұстанымы – бейбітшілік
Президенттің Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай БАҚ-тың сұрауына орай Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путиннің телефон арқылы сөйлесуіне қатысты пікір білдірді.
Энергетика • 08 Тамыз, 2025
Жақып Хайрушев: Қазақстан экономикалық дамудың жаңа кезеңінде
Біздің ел Аваза іс-қимыл бағдарламасын тұрақты, инклюзивті және орнықты келешекке жеткізер жол картасы ретінде толық қолдайды. Бұл туралы Президент теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған БҰҰ-ның 3-ші конференциясында айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл маңызды бастама транзиттік елдердің, даму жөніндегі халықаралық ұйымдар мен қаржы институттарының саяси қолдауына ие болуы тиіс, деді. Мемлекет басшысы көлік, энергетика мен цифрлық инфрақұрылым сияқты негізгі секторларға инвестиция ынталандыруға инновациялық қаржы тетіктері қажет екенін айтты. Энергетика министрлігі Қоғамдық Кеңесінің төрағасы Жақып Хайрушевтің пікірінше, Қазақстан орта экономикасы бар ел ретінде көбірек қабылдануда әрі бұл мәртебе оның энергетикалық әлеуеті тұрғысынан ерекше өзекті. Толымды тақырыпты арнайы сұхбатта талқылап көрелік.
Абай • 08 Тамыз, 2025
Абай жарықтық 1904 жылы 6 шілдеде Қарауылда дүниядан өткенде, қазақ жерінің екінші шетіндегі Ғұмар Қараштың жасы 30-да болатын.
Абай • 08 Тамыз, 2025
Абай – ұлттық және әлемдік мәдениеттің ұстыны, қоғамның моральдық-этикалық кодексінің негізін қалаушы. Сондықтан биылғы мерейтойдың маңызы – ой толғау мен тағылым алу, ғылыми ізденіс, тәжірибе қорыту. Абай шығармашылығын, оның адамгершілік идеясын жастар мен әлемдік аудиторияға таныстыру – стратегиялық міндетіміз болуы керек.
Тарих • 08 Тамыз, 2025
Қажымұқанның Шыңғыстауда қалған ізі
Ұлы Абайдың 1945 жылы өткен 100 жылдық мерейтойына шақырылған қадірлі меймандар арасында атақты Қажымұқан балуан да болған. Оған мына бір сурет дәлел. Бұл фото тарихи той үстінде түсірілген екен.