Ұстаз • 08 Тамыз, 2025
Биыл ардақты ұстаз, танымал философ-ғалым Төлеуғазы Әбжановтың туғанына – 90 жыл. «Жазмыштан озмыш жоқ» деген халқымыз, әр адам өзіне тиесілі маңдайға жазылған ғұмырды сүретіні заңдылық. Өзі өлгенмен сөзі өлмейтін, ғалымдық, ұстаздық жолда атқарған еңбегі мен ізгі істері, ұлағатты өмір жолы шәкірттері біздер үшін ешқашан ұмытылмақ емес.
Шымкент • 08 Тамыз, 2025
«Қазақ халқына әрқашан қарыздармыз»
Еліміздің баға жетпес байлығының бірі – ол ішкі тұрақтылық пен ұлтаралық татулығы. Қоғамның тыныштығын сақтау, халықты бірлікке ұйыстыру бүгінгі қоғамның басты міндетіне айналды. Ал осынау мемлекеттік стратегияны жүзеге асырып отырған бірегей институт – Қазақстан халқы Ассамблеясы.
Пікір • 08 Тамыз, 2025
Дана Абайдың аты мен заты аталған жерде Ахмет Байтұрсынұлының әйгілі «Қазақтың бас ақыны» зерттеуі еске түседі. Қанша уақыт өтсе де абайтанудың айнасы болып қалатын таңдаулы еңбек. Осындағы үш-төрт тезис Абай жұмбағының ғана емес, ақынға құдай дарытқан қарапайымдылықтың кілті екені анық.
Абай • 08 Тамыз, 2025
Ұлы тұлғаның атаулы мерейтойларының қарсаңында шығармаларының академиялық жинағын даярлауға талпыныстар болып тұратын. Солардың ішіндегі академиялық сипатқа ие басылымдарды, негізінен, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғалымдары көзі тірі кезінде М.Әуезовтің басшылығымен дайындаған.
Абай • 08 Тамыз, 2025
Биыл ұлттың ойын жаңа арнаға салып, әдебиеті мен өнерін биік деңгейге көтерген дала данышпаны Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толды. Бұл – еліміз бен халқымыз үшін айтулы дата, маңызды мерекенің бірі. Себебі, қазақ өркениеті бүгінде Абайға дейін және Абайдан кейін деп сараланады. Дәуірлерді жіктеген данышпанның тойы туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған жаңажылдық құттықтау сөзінде «Ұлы Абайдың 180 жылдық мерейтойын лайықты атап өтуіміз керек» деп арнайы тапсырма берген еді.