Қоғам • 06 Тамыз, 2025
Осы жылдың алғашқы жартыжылдығында елімізде мемлекет пен азаматтар арасындағы кері байланыс тетіктері қарқынды дами түсті. Бұл бағыттағы маңызды құралдардың бірі – epetition.kz платформасы.
Саясат • 06 Тамыз, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев: Құрлық арқылы байланыстың маңызы арта түседі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясының делегация басшыларын ресми қарсы алу рәсіміне қатысу үшін «Аваза» конгресс-орталығына келді. Мұнда Қазақстан басшысын Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов күтіп алды. Бұдан соң конференцияға қатысушы делегация басшылары бірге суретке түсті. Алқалы жиынның ашылу салтанатына дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының бейресми кездесуіне қатысты. Басқосуда аймақ елдері ынтымақтастығының басым бағыттары талқыланды. Содан соң Мемлекет басшысы конференция өтетін «Аваза» спорт кешеніне келді. Онда Қасым-Жомарт Тоқаевты Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов пен БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш қарсы алды.
Үкімет • 06 Тамыз, 2025
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев «Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі Ұлттық жобаны» (ЭКСЖ) жүзеге асыруға арналған Жобалық кеңсенің отырысын өткізді. Жиында заң шығару жұмыстары, жобаны қаржыландыру, сатып алулар тәртібі, отандық өндірушілерді қолдау және цифрландыру мәселелері бойынша есептер тыңдалды.
Қоғам • 06 Тамыз, 2025
30 маусымда еліміздің заңнамасына қоғамдық орындарда қыз-келіншектердің бет-жүзін толық жабатын киім (никаб, пәренже, т.б.) киюіне тыйым салатын талаптың енгізілуі бүгінде желіде жаппай талқыға түсіп жатыр. Қауіпсіздікті арттыруға бағытталған бұл қадамның мақсатын сан-саққа жүгірткендер де жетіп-артылады.
Экономика • 06 Тамыз, 2025
Күршімге көпір түскелі аудан азаматтарының облыс орталығымен алыс-берісі артып, кәсіптері кеңейе түскен. Одан бөлек, ауызсу, жылу секілді әлеуметтік мәселелерді шешудегі жұмыс қарқыны да күшейген. Туризм түрленіп, ірі жобалар жоспарға алына бастапты. Жуырда Күршімге баспасөз туры ұйымдастырылып, бір топ журналист ауданды араладық, көргенімізді көңілге түйдік.