Ғалам ғажаптары • 06 Тамыз, 2025
1995 жылы АҚШ-тың Массачусетс штатында орналасқан «Malden Mills» компаниясының маталар шығаратын зауыты өртке оранып, барлық тауар күл-топыраққа айналды. Осылайша, бұл оқиға осындағы 3000 жұмысшыны қаржылық тұрғыдан тығырыққа тіреп, психологиялық тұрғыдан сансыратып кетті.
Өнер • 06 Тамыз, 2025
Дүниежүзілік байқауда топ жарды
Жақында ғана Алатаудың арғы бетіндегі айыр қалпақты ағайын арасына барған әлемге танымал Димаш Құдайберген Қырғызстанның халық әртісі атағын алып, мерейі өсіп қайтқаны белгілі.
Жәдігер • 06 Тамыз, 2025
Қоқыстан табылған темір домбыра
Жақында Орал қаласының тұрғыны Нұрлан Рахымжанов металл қалдығын тапсыратын жерден темір домбыра көргенін айтып, әлеуметтік желіге жазба жариялаған болатын.
Аймақтар • 06 Тамыз, 2025
Түркістан шаһары «Абайға құрмет» акциясы аясында Семейде жаңадан бой көтеретін шағын ауданға Көрме орталығын салып беруді жоспарлап отыр. Батыс пен шығыс, көшелі және отырықшы мәдениеттер түйіскен киелі шаһар дүбірлі тойға керуен әкеліп, керемет жәрмеңке ұйымдастырды.
Абай • 05 Тамыз, 2025
Құнанбай Кенесарыға қарсы шапқан ба?
Адамның жақсы иә жаман болмағы ата-анасына, арғы бабаларына тікелей байланысты. «Жақсыдан жақсы туар жарқылдаған» деп қазақ бекер айтпайды. Хакім Абай да «адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан» болады деп, әке-шеше ұлағатын алдыңғы орынға шығарған. Осылай айтып отырған Абайды да даналық шыңына көтерген бақ дарыған тегі мен ата-ана тәрбиесі екенін білген дұрыс. Оның ішінде Құнанбай қажының Абай дүниетанымына әсері мол. Хакімнің әкесі хақында іргелі еңбектер жазылып, ел назарына жарияланғанымен, оның діни һәм әлеуметтік позициясы туралы екі ұшты пікірлер әлі де кездеседі.