Саясат • 05 Тамыз, 2025
Қырғыз тарапының шақыруымен Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Бішкекке ресми сапармен барды. Сапар аясында М.Нұртілеу Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың қабылдауында болды.
Саясат • 05 Тамыз, 2025
БҰҰ-ның өңірлік орталығы – Орталық Азиядағы жаңа бетбұрыс
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге сапармен келген БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен Алматы қаласында келіссөз жүргізіп, өз ризашылығын білдірді. Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясы қарсаңындағы тығыз жұмыс кестесіне қарамастан, мәртебелі мейманның Алматыға арнайы келгенін атап өтті.
Абай • 05 Тамыз, 2025
Хакімге қоныс болған қасиетті мекендер
Абайға қатысты тарихи мекендер туралы айтқанда, ұлы ақын өмір кезеңіндегі ерекше орын алатын бес тарихи жерге тоқталғанды жөн көрдік. Әйтпесе, Шыңғыстың ішіндегі жайлауда табиғаты да көркем, тарихи маңызы да ерекше жерлер жетерлік.
Абай • 05 Тамыз, 2025
Өткенде жазушы Мұхтар Мағауиннің «Абайдың суреті» атты көлемді эссесін оқып отырып, «Абайды алғаш оқығанда адам қандай күй кешеді?» деген сауалдың төңірегінде ойландым. Айтпақшы, Мұхтар Мағауин «Абай жолы» романының екі томын небәрі 8 жасында оқып тауысқанын жазады. Ал өзге қаламгерлер Абайды алғаш оқығанда, қандай әсерде болды екен – сөйлетіп көрелік. Алғашқы қонағымыз – жазушы Ділдәр Мамырбаева.
Білім • 05 Тамыз, 2025
Білім саласы серпіліс алдында тұр
Өткен оқу жылы Шымкент қаласының білім саласы үшін толағай жетістіктермен есте қалды. Қалалық білім басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы Гүлнара Дәрібаеваның айтуынша, оң нәтижелерге ұстаздар қауымымен бірге білім саласына жауапты барлық маман лепті үлес қосты. Мемлекет тарапынан кейінгі жылдары қаржы мен көңіл бөлінуінің нәтижесінде салада оң өзгеріс орын ала бастады.