Экономика • 30 Шілде, 2025
Қазақстан көміріне кедергі жоқ
Еліміз Ресей арқылы Еуропа елдеріне қайта көмір тасымалдайды. Үкімет Еуропалық одақ жанындағы тұрақты өкілдігімен бірлесіп, еуропалық тараппен түрлі деңгейде келіссөздер жүргізді. Атап айтқанда, ЕО санкциялық режіміне тиісті өзгерістер енгізу туралы жолданған ресми өтінішті Еурокомиссия қабылдап, жерде қалдырмады.
«Таза Қазақстан» • 30 Шілде, 2025
Сенат депутаттарының өңірлерге сапары Қызылорда облысы мен Астана қаласында жалғасын тапты. Атап айтқанда, Наурызбай Байқадамов пен Руслан Рүстемов Қызылорда облысындағы «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық іс-шарасын жүзеге асыру барысымен танысса, депутат Андрей Лукин Астанадағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдер мен балаларды уақытша қорғау және оларға психологиялық көмек көрсететін «Үміт» дағдарыс орталығында болды.
Форум • 30 Шілде, 2025
Әлем әлеуметтанушыларының сындарлы жиыны
Жуырда Марокконың Рабат қаласында Халықаралық әлеуметтану қауымдастығының (ISA) ұйымдастыруымен «Knowing Justice in the Anthropocene» атты 5-форумы өтіп, онда Антропоцен дәуірінің негізгі сын-қатерлері талқыланды. Оған еліміз атынан Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері, әлеуметтану докторы, профессор Айгүл Забирова мен осы институттың қоғамдық пікірді зерттеу бөлімінің басшысы Салтанат Ермаханова қатысып, баяндама жасады.
Қоғам • 30 Шілде, 2025
Әдемі қартая білуге де парасат қажет
Алты бала өсіріп, ұлын ұяға, қызын қияға қондырған бір ағайын қартайған шағында перзенттерінің өзіне деген ықыласына көңілі толмай: «Еліміздің Конституциясында кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті», деп жазылған. Ендеше, әйелім екеуіміздің кәрі қойдың жасындай ғұмырымыз қалғанда балаларымыз бізге неге дұрыс көңіл бөлмейді?» деп қынжылғаны бар. Осы сауал төңірегінде өзі де толғанып, бізді де ойға қалдырған еді.
Әлем • 30 Шілде, 2025
Ұлыбритания тұрғындары елдің Еуроодаққа қайта қосылуын қолдап отыр. Жалпы кез келген мемлекет экономикалық, әлеуметтік-саяси қатынастар бойынша туындайтын мәселелердің, міндеттердің шешімін табуда бірлесіп, халықарaлық күш жұмылдыруға ұмтылады. Мұның артықшылығын британдықтар мойындаған сыңайлы. Өйткені бес жыл бұрын қабылданған Brexit уәделері әлі де орындалмай келеді.