Энергетика • 30 Шілде, 2025
Жарық пен жылу жүйесі қашан жақсарады?
Маңғыстау облысында, Ақтау қаласында ауызсуға, электр энергиясына, қыста жылуға қатысты мәселелер жиі орын алады. Тұрғындардың үнемі наразылығы мен ренішін туындатып, күнделікті тұрмыс-тіршілігінде айтарлықтай келеңсіздікке киліктіретін бұл мәселелердің шешімін табуы да созыла береді.
Үкімет • 30 Шілде, 2025
Кешенді шаралардың келешегі зор
Елімізде еңбек нарығы түбегейлі жаңғырып,жаңа кезеңге қадам басты. Өнеркәсіптен бастап ауыл шаруашылығына, отын-энергетикадан геология мен құрылысқа дейінгі салаларда мыңдаған жаңа жұмыс орындары құрылып, 75-ке жуық заманауи мамандық енгізіліп жатыр. Үкімет цифрландыруды күшейтіп, кәсіби стандарттарды жаңартып, дуалды оқыту жүйесін кеңейту арқылы жастарды нақты секторға тарту мен еңбек адамының беделін арттыруға басымдық беріп отыр. Осы мәселелер Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында талқыланды.
Саясат • 30 Шілде, 2025
Түркияның Анкара қаласында ресми сапармен жүрген Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев іскерлік топ өкілдерімен кездесу өткізді.
Президент • 30 Шілде, 2025
Қазақстан – Түркия: Сенім мен ықпалдастықтың байсалды белесі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркия Республикасына ресми сапары осы елдің негізін қалаушы әрі тұңғыш Президенті Мұстафа Кемал Ататүріктің кесенесіне зиярат етуден басталды. Қазақстан Президенті Анытқабір кесенесіне жерленген ұлы қайраткердің рухына тағзым етіп, Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Түркияның достығы нығая беретініне сенім білдіріп, бауырлас түрік халқының өсіп-өркендеуіне тілектестігін жеткізді. Гүл шоғын қою рәсіміне Қазақстанның ресми делегациясының мүшелері де қатысты.
Мирас • 30 Шілде, 2025
Тазының бабын білген бағасын да біледі
Тазы мен төбетті қорғауға мемлекеттік деңгейде көңіл бөлінген соң қазақ иттеріне ел азаматтарымен қоса, шетелдіктер де қызыға бастады. Халықаралық кинология федерациясы (FCI) қазақ тазысын мойындап, стандарттары нақтыланды.