Әлем • 30 Шілде, 2025
Черногорияның Ұлттық кітапханасында (Подгорица) қазақтың ұлы ақыны, философ, ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай Абай орталығы салтанатты түрде ашылды.
Аймақтар • 29 Шілде, 2025
Жақында Орал қаласында үкіметтік емес ұйымдардың XII Азаматтық форумы өтті. Жиынға мемлекеттік мекеме өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, сарапшылар мен қоғам белсенділері қатысты.
Мектеп • 29 Шілде, 2025
«Келешек мектептерінің» құрылыс барысын тексерді
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекпен және Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевпен бірге «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында бірқатар құрылыс алаңдарын аралады. Мақсат – білім беру саласындағы үш ауысымды оқытуды және мектептердің шамадан тыс толып кетуін жоюға бағытталған маңызды инфрақұрылымдық жобалардың бірі – «Келешек мектептері» жобасының жүзеге асу барысымен танысу.
Өндіріс • 29 Шілде, 2025
Жергілікті өнімге сұраныс жоғары
Өңірде өнімін алаулатып-жалаулатып жарнамаламай-ақ, байыпты жұмыс істеп жатқан кәсіпорындар баршылық. Өйткені мұндай өндіріс орындарынан шығатын өнімге деген сұраныс қашанда жоғары. Мысалы, Қостанай агромеханикалық зауыты топырақ өңдеу, тұқым, астық, шөп тасу жұмыстарында жүрген техникаға қажет аспалы және тіркемелі агрегаттар мен олардың ұсақ бөлшектерін шығарады.
Қоғам • 29 Шілде, 2025
Күмәнді аударымды анықтау тетігі күшейді
Елімізде мобильді аударымдарды бақылау мен салықтық әкімшілендіру 2025 жылы жаңа деңгейге көтерілді. Мобильді ақша аударымдарына қатысты бақылау күшейді. Енді 3 ай қатарынан 100-ден астам адамнан аударым алғандар салықтық тексеруге ілігуі мүмкін. Ал қаражаттың мақсатына жазылған түсініктеме бұл жағдайдан құтқарып қала алмайды, тек кәсіпкерлік қызмет бар-жоғы анықталады.