Аймақтар • 19 Шілде, 2025
Аптапта ауызсудан тарығып отыр
Шілденің шіліңгір ыстығында таңдай жібітерге тамшы су таппай отырған ауылдар бар. Алыс ауылдарды былай қойғанда, Алматы қаласына іргелес орналасқан Қарасай ауданына қарасты Кемертоған ауылында ауызсу тапшылығы жылдар бойы шешімін таппай келеді.
Өндіріс • 19 Шілде, 2025
Кендірлі зауытындағы кешенді жоба
Жаңаөзен қаласына қарасты Кендірлі зауытында теңіз суын тұшыту үдерісінің басталуы өңір тұрғындары үшін үлкен жаңалық болды. Ауызсу тапшылығын теңіз суын тұшыту және жерасты су көздерін пайдалану арқылы еңсеруді басым бағыт еткен Маңғыстауда негізгі жобалардың бірі жобалық қуаты тәулігіне 50 мың текше метр болатын «Кендірлі» теңіз суын тұшыту зауытын салу болатын.
Мәдениет • 19 Шілде, 2025
Семей кітапханасы – ұлт арыстарының аманаты
Көптен толғандырған осы ойды Абайдың туғанына 180 жыл толғанда барша зиялылар мен абайтанушыларға, қазақ жұртына айту парызым деп санадым. Сондай-ақ жетпіс жыл бойы мені ел мен жердің тарихына қанықтырған, жер мен елді жетектеп жүріп таныстырған Қабыш Кәрімқұлов, Жұмакүлбай Базарбаев, Сирақбай Досмағамбетов, Қабден Есеғарин, Бекен Исабаев, Ахат Шәкәрімұлы Құдайбердиев, Шәкір Әбенов, Ниязбек Алдажаров, Серік Шабданов, Ғафиз Матаев, Мейрамбек Жанболатов, Бәтташ Сыдықов, Семей қаласының әр көшесі мен үйінің тарихын «Есіңде болсын» деп аманаттап қойып, ұзақ күндер бойы аралатып, тарихын түсіндіріп, келер жолы тағы да қайталап пысықтайтын Қайым Мұхамедханов, Тәңірберген Әміренов, Төкен Ибрагимовтердің тәлімі атадан қалған аманат сөздерді ойға оралтып, елдік борышты еске түсірді.
Экология • 19 Шілде, 2025
Экологиялық мәдениет – елдіктің көрсеткіші
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы Шымкент қаласында жүйелі жүзеге асырылып келеді. Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының дерегінше, тазалық жұмыстарына 300 мыңнан астам адам қатысқан. Сенбіліктерге 10 мыңнан астам техника жұмылдырылып, 25 мың тоннаға жуық тұрмыстық қалдықтар қоқыс полигонына шығарылды.
Медицина • 19 Шілде, 2025
Мегаполисте медицина мүмкіндігі артып келеді
Шымкент қаласының әкімдігі Денсаулық сақтау министрлігі және Денсаулық сақтауды дамытудың ұлттық ғылыми орталығымен бірлесіп, «Денсаулық сақтауды өңірлік дамытудың 2029 жылға дейінгі бағдарламасын» дайындады.