Өндіріс • 19 Шілде, 2025
Өндіріс өркендемей, өріс кеңеймейді
Еліміз осы жылдың 4 айында 6 пайыздық өсім көрсетті. Бұл – кейінгі 12 жылдағы ең жоғарғы көрсеткіш. Шымкент қаласының үлесі қандай? Мегаполисте қандай инновациялық жобалар бар? Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, сарапшы Талғат Ысқақовтың айтуынша, үшінші мегаполис кейінгі жылдары жоғары қарқынмен дамып келеді, әсіресе құрылыс саласында ілгерілеу басым.
Өндіріс • 19 Шілде, 2025
Көптің қажетіне жараған кәсіпорын
Жаңаарқа ауданы орталығындағы «Дамир» жеке кәсіпорны он жылдан аса шлакоблок кірпішін құюмен айналысып келеді. Кәсіпорын жетекшісі Біржан Башенов әу баста бұл шаруаны үйінің ауласында бастапты. Тапсырыс көбейген соң 4 жыл бұрын жер алып, кәсіпке білек сыбана кіріскен.
Заң • 19 Шілде, 2025
Той-томалаққа жиі ақша аударсақ, салық органдары назарына ілігеміз бе?
Заңгер Алмаз ОТАРОВТЫҢ жауабы: – Бүгінде цифрлық төлемдер – өмірдің ажырамас бөлігі. Әсіресе қазақ қоғамында той-томалақ, шілдехана, бесік той, сүндет той, құдалық, қонаққа бару сияқты дәстүрлі жиындарға байланысты ақша беру, аудару үйреншікті іс. Осындай кезде «Kaspi Gold» немесе басқа банк картасы арқылы туысқа, досқа ақша жіберіп жатамыз.
Бюджет • 19 Шілде, 2025
Мемлекет қаржысы халық игілігіне жұмсалуы керек
Әрбір мемлекеттік бағдарламаның сұрауы бар. Сондықтан қазына қаржысына салынатын нысандар уақытында аяқталып, халыққа қызмет көрсетуі керек. Өңірлерді аралап жүрген Сенат депутаттары жергілікті атқарушы билікке осыған мұқият болуды тапсырды.
Бизнес • 19 Шілде, 2025
Бүгінде бизнесті мемлекеттік қолдаудың талап етілетін бірнеше түрі бар. Солардың бірі – кешенді бағдарлама шеңберінде іске асатын бизнестің жол картасы мен қарапайым заттар экономикасы. Қазір жол картасы негізінде дайындалған бағдарламаның арқасында кәсіпкердің тұсауы ағытылып, өрісі кеңи түсті.