Тарих • 18 Шілде, 2025
Дүкен МӘСІМХАНҰЛЫ: Еуропа архивтерінде ел тарихына қатысты елеулі деректер аз емес
Жақында Еуропа елдеріндегі Қазақстан елшіліктері, Батыстың бірқатар ғылыми мекемелері сайттарынан, әлеуметтік желілерден Ғылым және жоғары білім министрлігі Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының делегациясы алыс шетелден ұлт тарихы мен мәдениетіне қатысты елеулі деректер тауып әкелгені туралы ақпаратты көзіміз шалып қалды. Осынау маңызды іс-сапар нәтижесін білмек үшін Шығыстану институтының бас директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Дүкен Мәсімханұлын әңгімеге тартқан едік.
Қоғам • 18 Шілде, 2025
Екінші дүниежүзілік соғыстың отты жылдарында ағайынды Үрімбаевтар да майдан даласына аттанды. Алайда Ақтөбе облысының Мәртөк ауданына қарасты Бөрте (бұрынғы Студенческий) ауылынан шыққан жауынгерлер – Езін, Қаден, Қазыржан, Жәкен туған жеріне төрт көзі түгел оралмады.
Тарих • 18 Шілде, 2025
«Egemen Qazaqstan» газетін үзбей оқып жүргеніме тура 40 жылға жуық уақыт болыпты. Әлі күнге дейін әр санын мұқият оқып шығамын. Жеңістің 80 жылдығына орай жарияланған, Екінші дүниежүзілік соғысы жайлы жауынгер аталарымыздың ерлік-істері туралы мақалаларды оқып, атамды еске алып отырмын. Соғыстан оралмаған атам туралы терең білгім келіп, жылдар бойы ізденумен келемін.
Тарих • 18 Шілде, 2025
Кеңес Одағының батыры атанған «Халық жауының» баласы
Редакцияның телефоны безек қағып, тұтқаның арғы жағынан әжейдің үні естілді. Дауыс ырғағынан аналық мейірім еседі. «Бақтығали Бейсеновті танитын ба едің, қарғам?» деп бастады сөзін Роза әжей. Қазақтан шыққан тұңғыш дәрігерлердің бірі, Алашорданың қайраткері болған тұлғаны аздап білетінімді айта бастап едім, «Мен – сол алашордашы Бақтығалидың қызымын. Үйге келсең, сендерге айтар әңгімем бар еді» деді төте өтінішке аунап түсіп. Асылдың сынығының айтарын тыңдамаққа атқа қондық.
Өндіріс • 18 Шілде, 2025
Сулы, нулы Көкшетау мен Қорғалжынның арасындағы күміс көлдерде балық өрістетуге әбден болады. Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы Ақмола мен Солтүстік Қазақстан облыстарының аумағында балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау және пайдалану саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады. Есіл бассейні бойынша балық шаруашылығы қорын халықаралық маңызы бар Есіл өзені, республикалық маңызы бар Сілеті және Нұра өзендері құрайды. Ақмола облысы әкімдігінің 2017 жылғы 27 қазандағы №А-11/489 қаулысымен Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесіне жалпы ауданы 166180,31 гектар және 715,5 шақырым 632 су айдыны енгізілді.