Аймақтар • 17 Шілде, 2025
Шығанақ тарысының тұқымы табылды
Ақтөбе қаласының іргесінде тұратын Балзия Бисенғалиқызы мен немересі Ринат Оралұлы Доспанбетов Шығанақ Берсеұлының ақ тары тұқымын сақтап қалған шаңырақ. Қазір осы үйдің ауласында көктеп тұрған ақ тары тұқымын 1970–1980 жылдары Ойыл ауданы Ш.Берсиев атындағы кеңшарды басқарған атасы Дәулетжан Доспанбетов ұзақ жыл сақтап келген екен.
Өнер • 17 Шілде, 2025
Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен 16 мамыр мен 13 шілде аралығында «Астана Опера» театрында «Опералия-2025» халықаралық музыкалық фестивалі өтті. Оған 12 мыңнан астам көрермен жиналды. Фестиваль Дж.Пуччинидің «Тұрандот» операсымен түйінделді.
Футбол • 17 Шілде, 2025
АҚШ-та футболдан клубтық әлем чемпионаты аяқталды. Бір айға созылған дүбірлі додада әр құрлықтан жиналған ең үздік 32 команда бақ сынады. Алғашында олар төрт-төрттен сегіз топқа бөлінді. Топтық турнир 28 маусымда өз мәресіне жетіп, одан кейін плей-офф сайыстары басталды.
Білім • 17 Шілде, 2025
Инженерлік сала және «Келешек мектептерінің» тәжірибесі
Қазіргі заман инженерлері – тек техниканы білетін мамандар ғана емес, олар – креативті ойлайтын, күрделі мәселелерді шешуге қабілетті, көпсалалы біліммен қаруланған тұлғалар. Дәл осы жаңа буын инженерлерін тәрбиелеуді мақсат еткен елімізде жаңашыл бағыттағы «Келешек мектептері» жүйесі белсенді дамып келеді. Бұл оқу орындары оқушыларды ерте жастан инженерлік ойлауға, заманауи технологиялармен жұмыс істеуге баулиды.
Өнер • 17 Шілде, 2025
Бейқам Алматы көшелері, гүлзар бақтар, самалалы кеш, жалт-жұлт еткен жарықтар. Ұйқылы-ояу мимырт кешті қақ тіліп, шағын орталардың ішінен әрі рухты, әрі мұңлы қоңыр дауыс естілетін. Ол – біздің жастық өміріміздің жалауындай, бейкүнә көңілде еріген Табылды Досымов әуендері болатын.