Мәдениет • 17 Шілде, 2025
«Сатирадан арнайы сабақ керек»
Сатира – ұстараның жүзіндей қылпылдап тұрған қиын жанр. «Күлкі – күштілер қаруы» деген түйінді тіркес те тегіннен-тегін тілге тиек етілмеген. Алайда біз осы күні жауынгер жанрдың парқын біліп жүрміз бе? Әдеби пародия неге сирек жазылады? Студенттерге сатира пәнін оқытудың маңызы қандай? Осы сауалдарға жауап алу мақсатында белгілі сатирик-жазушы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің аға оқытушысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ермахан Шайхыұлымен сұхбаттасқан едік.
Қоғам • 17 Шілде, 2025
Өзінен бұрын бізге есімі таныс-тұғын. Газет-журналдардан карикатура авторы Айдарбек Ғазизов дегенді жиі оқыр едік. Ақиқаттың ащысын жауынгер жанрмен жеткізіп жүрген автордың суреттерін таңғала парақтайтынбыз. Ұшқыр қиял, астарлы әзіл, жинақы сурет. Таңдай қақтырмай қоймайды. Еңбегімен есімі елге таныс карикатурашы жуықта ұстазы Уәш Ақаеваның құрметіне көрме өткізуді ойластырып отыр.
Қоғам • 17 Шілде, 2025
Тереңкөл ауданының Алтай ауылында тұратын 9 жасар Тимофей Столбовой – ауылдастарының тыныштығын күзетуге ерте бастан ден қойған бала. Ол әр күні ерте тұрып, анасы тігіп берген полиция киімін киеді де, қоғамдық тәртіпті бақылау үшін ауыл көшелерін аралауға шығады.
Заң мен Тәртіп • 17 Шілде, 2025
Қырағы шекарашылар қыр асырмады
Заң мен тәртіп қоғамның темірқазығы екені рас. ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаментінің ел шетіндегі кейбір шетін мәселелерге аса назар аударып, тәртіп бұзу фактілерінің алдын алып отыр. Осыған байланысты маңызды мекеменің деректерімен танысып қайтқан едік.
Заң • 17 Шілде, 2025
Ұқыпсыздың малы – ұрының «наны»
Қазір облыста бұрынғыдай емес, мал ұрлығы деректері азайып келеді. Әрине, бұл – ең әуелі осы бағытта облыстық полиция департаментінің жедел-профилактикалық шараларды жүйелі түрде жүргізіп келе жатқанының арқасы. Полицейлер қабылдаған іс-шаралар нәтижесінде жыл басынан облыс көлемінде мал ұрлығы дерегі айтарлықтай төмендеген.