Наурызнама • 13 Наурыз, 2026
Күн мен түн 22 наурызда теңелмейді
Бағзы бабаларымыз жаңа жылды көктемнің алғашқы күнінде тойлайтын болған. Ол күні жаңа ай туады, күн мен түн теңеседі, Самарқанның көк тасы ериді, құбыладан қызыл жел еседі, жердің тоңы жібіп, дүние жаңарады деп есептеген.
Пікір • 13 Наурыз, 2026
Бірлік – мамыр айы еншісіндегі ғана сөз емес, күнделікті ойымызда, әрекетімізде тұруға тиіс ұғым. Ол – отбасын, әулетті, ұжымды, даланы, қаланы, ұлысты, тұтас елдерді де ынтымақты ететін құндылық.
Ата заң • 13 Наурыз, 2026
Шетел сарапшылары: Қазақстандағы реформа несімен құнды?
Еліміздегі жаңа Конституция жобасы шет мемлекеттерде де таныстырылып жатыр. Елшілер шетел дипломаттары мен сарапшыларына Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел дамуын ілгерілететін бастамаларын түсіндіріп, ой-пікірлерін тыңдап, бірге талқылады. Олардың басым көпшілігі еліміздің бір палаталы парламентке көшуі мен вице-президент лауазымын енгізуге қатысты ой-пікірін білдіріп, өз елдерінің тәжірибесімен бөлісті. Жалпы, еліміздегі реформалар, жексенбі күні өтетін референдум шекарадан тыс аймақтарға неліктен маңызды?
Әлем • 13 Наурыз, 2026
Кемелер кептелісі немесе Ормуз бұғазындағы дүрбелең
Иран ондаған жыл бойы Ормуз бұғазын еларалық түйткілдерді шешудің басты құралына айналдырып отыр. Бұғазды біресе ашып, біресе жауып, әлемдік мұнай нарығын ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстағысы бар. Сөйтіп, экономикасы экспорттың мұнайына байланған Батыс елдерінен санкцияда кеткен есесін қайтаруды ойлайды. Бірақ оған ерік-жігері жеткенімен, Қарулы күштерінің қауқары белгісіздеу. Десек те, әлемдік қара алтын тасымалының күретамырына айналған бұл бұғаз бүгін ғана кемелерді кептелтіп тұрған жоқ.
Ата заң • 13 Наурыз, 2026
Инвестиция тартуға құқықтық сенімділік керек
«Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы – «Қазақстанның Даму банкі» акционерлік қоғамында кеңейтілген ұжымдық жиын өтіп, басқосуда жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері түсіндірілді. Сондай-ақ алдағы 15 наурызда өтетін республикалық референдумға қатысты маңызды мәселелер талқыланды.