Әдебиет • 13 Наурыз, 2026
Тамдының тумасы, өлеңнің тұлғасы
1960–1980 жылдары қазақ өлеңіне айтары бөлек, жаңа ақындар легі, жас буын келді. Жырлары мінезді, екпінді әрі көктемгі жауқазын бейнесіндегі жас арудың мөлдір мұңындай таза еді. Олар қазақ қара өлеңіндегі жаңалықтың басы болды. Мұқағали, Төлеген, Жұмекен, Қадыр, Тұманбай, Жұматай, Мұхтар болып кете береді. Өлеңқұмар жұрт білетін осы есімдер қатарына Өмірзақ Қожамұратов есімін қосса артық емес.
Жәдігер • 13 Наурыз, 2026
Тарихқа бай Тараңғұл мен Жамансу
2019 жылы Қарғалы ауданының Қосестек ауылына жақын жердегі Тараңғұл өзенінің сол жақ жағалауынан табылған ежелгі адамдар қонысы зерттеушілердің ерекше қызығушылығын туғызды. Кейінгі қола дәуіріне жататын Тараңғұл тұрағынан шыққан бай олжаларды Ә.Марғұлан атындағы Археология институты ерте темір дәуірі бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері Дархан Байтілеу мен Жанаргүл Қалиева зерттеуге кірісті.
Референдум • 13 Наурыз, 2026
Халықаралық миссия: ашықтық пен жариялылық
Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шанхай ынтымақтастығы ұйымы байқаушылар миссиясының басшысы – ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары Олег Копылов пен Түркі мемлекеттері ұйымы миссиясының басшысы – ТМҰ Бас хатшысының орынбасары Омер Коджаманмен кездесті.
Өнер • 13 Наурыз, 2026
Кейде өнерді түсіндірудің қажеті болмайды. Ол төл ағысымен жүріп, өз иіріміне тартып әкетеді. Би де сондай – сөзсіз сөйлейтін, үнсіз толғандыратын, жүректің терең қатпарларына жететін тылсым тіл. Жақында Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» сахнасында қазақ хореографиясының талантты өкілі, «Gulder» ансамблінің бас балетмейстері Анвара Садықованың ширек ғасырлық белесін айшықтаған «Flow/Ағын» атты шығармашылық кеші өтті.
Ата заң • 13 Наурыз, 2026
Қарағандыда «Amanat» партиясының облыстық филиалында «Жаңа Конституция: Қазақстанның болашақ институционалдық архитектурасындағы өңірлердің рөлі» тақырыбында ғылыми және сараптамалық қауымдастық өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Басқосуда елдің қоғамдық-саяси жүйесін жаңғыртуға бағытталған конституциялық реформаның мән-маңызы, сондай-ақ мемлекет дамуының жаңа кезеңінде өңірлердің атқарар қызметі кеңінен талқыланды.