Аймақтар • 27 Қазан, 2020
Құтқарушылар қыс маусымына дайын ба?
Қыс қыр астында. Ал аймақтың жолдарын тазалайтын техникалар қыс маусымына дайын ба? Бұл туралы брифингте аймақтағы жол қызметі мен құтқарушылар және «Қазгидромет» пен «Қазселденқорғау» мамандары баяндады.
Аймақтар • 21 Қазан, 2020
Азаматтық қорғау органдарының 25 жылдығына орай құтқарушылар марапатталды
Азаматтық қорғау органдарының құрылғанына 25 жыл толуына орай ТЖД-нің 75-тен астам қызметкері марапатталды. Құтқарушыларға "Халық алғысы" медалі, "Үздік құтқарушы" төсбелгісі және алғыс хаттар табысталды.
Аймақтар • 19 Қазан, 2020
Атырауда құтқарушыларға 8 арнайы көлік берілді
Құтқарушылар күніне орай Төтенше жағдайлар департаментінің арнайы техникалары жаңа 8 көлікпен толықты. Төтеншеліктерді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов құттықтап, үздіктерге Алғыс хат табыс етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 19 Қазан, 2020
Мемлекет басшысы құтқарушыларды кәсіби мерекемен құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында қазақстандық құтқарушыларды кәсіби мерекемен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Қазан, 2020
Құтқарушылар қызметі заманауи бағытта дамып келеді - Серік Әубәкіров
Бүгінде Қазақстанның төтенше жағдайлар ұйымының құрылғанына ширек ғасырдай уақыт өтті. Қаншама адам өміріне араша түсіп, көмекке мұқтаж жандардың алғысын арқалаған алматылық құтқарушылар әрдайым көмекке дайын. Алматы қаласындағы Төтенше жағдайлар қызметі жылына мыңдаған шұғыл дабылдарға шығып, 600-ден астам адам қауіпті аймақтардан құтқарылған. Шұғыл қоңырауларға орай 500-ден астам оқиға орнында жедел медициналық көмек көрсетілген. Кез келген апатты жағдайлардың алдын алуда штаттағы құтқарушылар құрамымен ғана жүзеге асыру мүмкін емес. Сондықтан азаматтық қорғаудың аумақтық ішкі жүйесі қалыптасқан. Бүгінде төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында 19 қызмет түрлерінен азаматтық қорғау жүйесі құрылып, әртүрлі профильдегі 1,5 мыңнан астам құтқарушы жұмыс істейді. Шұғыл қызметке 350-ден астам құтқарушы мен 150 бірліктен астам техника тәулік сайын қала қауіпсіздігінің қырағы күзетінде. Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, Өрт сөндіру қызметінің генерал-майоры Серік Әубәкіровпен әңгімемізде оңтүстік астананың өрт сөндірушілері мен құтқарушыларының қызметіне қатысты сұрақтарымызды қойған едік.