Экономика • 24 Қаңтар, 2022
Қиратылған банкоматтар – үш банктің меншігі
Қаңтарда болған бүлік кесірінен елдегі 12 мың банкоматқа 2 млрд теңге көлемінде шығын келген. Алматыда қирап қалған мың банкоматтың барлығы үш банкке – Halyk Bank (389 дана), Kaspi Bank (381) және ForteBank-ке (194) тиесілі екен.
Руханият • 24 Қаңтар, 2022
Біреулер оны Көлаға дейді, құрдастары Көлеке деп құрметтейді, мен Көлбай көке деймін. Неге екенін білмеймін, қазақтың осы сөзі өзіме ұнайды. Осы сөзде көп адам аңғара бермейтін бір қасиет бардай көрінеді. Мақаламызға арқау болып отырған Көлбай Адырбекұлы менің ұғымымда жалғыз мен емес, мен секілді талай ізбасар інілерге көке болуға әбден лайық жан. Неге дейсіз бе? Себебі ол ұлт үшін, ел қамы үшін жарғақ құлағы жастыққа тимей мазасыз күй кешіп, қазақтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтап, жоғалтқанын түгендеп, ертеңіне алаңдап, не істесе де ардан аттамай, ұяттан безбей, алдағы толқын ағаларын ардақтап, кейінгі толқын інілерін аялап, алға сүйреп жүрген шын мәніндегі асыл азамат.
Әдебиет • 24 Қаңтар, 2022
Ұлы дала тарихы ол тек қарға тамырлы қазақтың ғана тарихы емес, тұтас адамзаттың алтын арқауы, түп-тамыры десек, қателеспеген болар едік. Барлық жол Римге апаратын болса, сол жолдардың дені қазақ сахарасын көктей өтеді. Тұтастай алғанда дүниежүзі тарихы – қазақтың да байырғы көне шежіресі. Бірақ, өкінішке қарай, еліміздегі сол тамыры терең бағзы тарихтың көп беттері небір зобалаң зұлматтардың кезінде аяусыз жыртылды, отқа өртелді. Адам баласының тарихи санасын талқандасаң, ең алдымен танымы таяздайтыны белгілі. Осы ойды орайлы пайдаланған отарлаушылар қазақ даласына анталай кіріп, басқыншылықты алдымен тарихи маңызы зор көне нысандарымызды қиратудан, ескі жәдігерлерімізді жермен-жексен етуден бастады.
Әдебиет • 24 Қаңтар, 2022
«Бір дәуірдің мөлдіреген аспаны едік» деп басталатын «Армандастар» атты ән бар. Мақпал Жүнісованың орындауында шырқалып келеді. Бір дәуірдің аспанын ұстап тұру деген, әрине, құдіреттің ісі. Десе де, осылай да шабыттың шырқауына шығып айтуға да бойыңа бір ақындық алапат күш бітуі керек шығар. Әнде айтылғандай, замандастар бір дәуірдің мөлдіреген аспаны болар я болмас, олар туралы жырлағанда қиял биігіне көтерілген ақын бойынан сезім алапаты туғаны анық.
Қоғам • 24 Қаңтар, 2022
Қауіпсіздік жүйесін реформалау – өмір талабынан туындаған міндет
«Қаңтар трагедиясы» еліміздің тарихындағы ең бір қанды да қаралы оқиға ретінде есте қалатыны сөзсіз. Халқымыз бен мемлекетіміздің тағдыры аса қауіпті де қатерлі сыннан өтті. Президентіміз дер кезінде жедел шешімдер қабылдап, облыс орталықтарындағы мемлекеттік ғимараттарға террорлық шабуыл жасаған беймәлім қарулы топтарға тойтарыс беру туралы қатаң да батыл бұйрықтар берді, төтенше жағдай енгізді, өзінің жігері мен қайсарлығын көрсетті, Ақордадан тапжылмай, күн демей, түн демей барлық жағдайды өзі тікелей қадағалап, қабылдаған шешімдері мен олардың нәтижелерін жұртшылыққа ашық айтып отырды. Солардың нәтижесінде және антқа адал күштік құрылымдар қызметкерлерінің жанқиярлығының арқасында елдігіміз бен мемлекеттігіміз сақталып қалды. Елімізде орын алған бұл қанды оқиға әлем жұртшылығын да дүр сілкіндірді, олардың да алаңдаушылығын тудырды.