Оқиға • 22 Қаңтар, 2024
Цеденбалдың сапары һәм Димекеңнің сыйы
70-жылдар тарихына көз салсақ, Кеңес одағы мен Моңғол Халық Республикасы арасында сол кезеңге сай мәдени-экономикалық қарым-қатынас орнады. Соның бір дәлелі – мына сурет. Кеңестік дәуірде елімізді ұзақ жыл басқарған Д.Қонаев ақсақал Моңғолия елінің басшысы Ю.Цеденбалға қазақы дәстүрмен шапан жауап, басына тақия кигізіп, қошемет көрсетіп тұр.
Зерде • 22 Қаңтар, 2024
Биыл Торғайдағы ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин іргетасын қалаған қазақ мектебінің ашылғанына – 160 жыл. Міне, содан бері бұл білім ордасы қаншама баланың санасына сәуле түсіріп, сауаттылық шырағын жағып келеді.
Қоғам • 22 Қаңтар, 2024
Әдебиет • 22 Қаңтар, 2024
Толстой болмысы – әрдайым ілгері жылжып отыратын ағын судай күрделі құбылыс. Данышпан өмірінің соңын суреттеген Ромен Роллан: «Соғыс аяқталды. Ол 82 жылға созылды және Толстойдың өмірі оның ұрыс алаңы болды» деп түйеді.
Әдебиет • 22 Қаңтар, 2024
Дүниеде ананың балаға деген махаббатындай махаббат жоқ шығар. Мүмкін дүниені ұстап тұрған да сол болар. Одан озған, оның алдына түскен сезім болса өзіңіз айта жатарсыз. Біздің далада ертеден, тіпті бірнеше мыңжылдықтар бұрын қалыптасқан дәстүрдің озығы – шешелерімізді қастерлеу, қадіріне жету – ең қасиетті іс. Ерте түрік дәуірінен бері келе жатқан тас балбалдардағы әйел-ана бейнелерінен ғана емес, ертегі, аңыз, жыр-дастандарымыздан, қысқасы ұлттық әдебиетімізден анық көрінеді. Әрідегі «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Қыз Жібек» жырларынан басталатын алтын тамырдан жүлге тартқан небір інжу-маржандар тізіле келіп, ұлы рухпен суарылған құндылықтар ырысын еселей түседі.