Сайлау • 23 Қаңтар, 2023
Қазақстанда бір мандатты округтер бойынша соңғы сайлау 2004 жылы өтті. Демек сайлауға қатысты ақпаратты көбірек тарату керек. Яғни дауыс берудің ерекшеліктері мен сайлаудың пропорционалды-мажоритарлық жүйесі туралы түсіндірме жұмысын жүргізген жөн.
Қоғам • 23 Қаңтар, 2023
Өзгеріс халыққа да, билікке де пайдалы
Сонымен Мемлекет басшысының Жарлығы бойынша жетінші сайланған Парламент Мәжілісі таратылып, барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтады және кезектен тыс сайлау өтетін күн белгіленді. Біз бұл өзгерістерге былтырғы республикалық референдумнан кейін-ақ дайын болдық. Өйткені мемлекеттік басқару ісі мен қоғаммен біте қайнасып жүргендіктен, уақыт талабын анық сезінеміз.
Қоғам • 23 Қаңтар, 2023
Еліміздің жаңа даму белесіне, саяси жүйені түбегейлі жаңғырту мен трансформациялау жолына басқан қадамы – Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы. Парламенттің төменгі палатасының жаңартылған құрамын қалыптастыру арқылы жүйелі реформаларды іске асыру – сайлаудың ашық және бәсекеге қабілетті түрде өтуін талап етеді. Ортақ мақсат пен мүдде, берекелі бірлігіміз үшін жасаған таңдауымыз кемел келешегімізге кепіл болары анық.
Саясат • 23 Қаңтар, 2023
Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлаудың басты ерекшеліктерінің бірі – аралас сайлау жүйесі бойынша өтуі. Яғни ондағы 69 депутат партиялық тізіммен пропорционалды жүйе бойынша, ал 29 депутат бір мандатты сайлау округтері бойынша сайланады.
Оқиға • 23 Қаңтар, 2023
Жетісу облысында трактор жүк пойызымен соқтығысты
Оқиға Қаратал ауданы, Қанабек ауылындағы теміржол өткелінде болған, деп хабарлайды Egemen.kz.