Саясат • 23 Қаңтар, 2023

Партиялар бәсекесі күшейеді

295 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлаудың басты ерекшеліктерінің бірі – аралас сайлау жүйесі бойынша өтуі. Яғни ондағы 69 депутат партиялық тізіммен пропорционалды жүйе бойынша, ал 29 депутат бір мандатты сайлау округтері бо­йынша сайланады.

Партиялар бәсекесі күшейеді

Бір айта кетерлігі, заң шығарушы орган мүшелерін сай­лаудың осындай жүйесі әлем­нің басқа елдерінде де кез­де­седі. Мысалы, Жаңа Зелан­дия, Германия, Жапония, Оңтүс­тік Корея, Литва, Мекси­ка, Ұлыбритания. Әрине, ел­дер­дің әрқайсысының өзіндік айырмашылықтары, ерекше белгілері бар. Бірақ жалпы алғанда аралас сайлау жүйесі пропорционалды жүйенің де, мажоритарлық жүйенің де тиімді тұстарын пайдалануға мүмкіндік береді.

Аралас сайлау жүйесі­нің тағы бір артық­шылығы, сайлаушы енді партияларға, сон­дай-ақ өз аймағынан бел­гілі бір канди­дат­қа дауыс беру арқылы белгілі бір саяси бағдарламаны таңдайды. Осылайша, саяси мүдделердің өкілдігі сақталады және сайлаушы мен белгілі бір аймақтан сайланған депутат арасындағы байланыс нығаяды. Оның үстіне сайлаушылар енді бір мандатты округ бойынша сайланған депутатты кері шақырып алу мүмкіндігіне ие. Бұл депутаттар жұмысының тиімділігі­не, олардың ашықтығы мен азаматтарға қолжетімділігіне оң әсер етуге тиіс.

Саяси өмірді жандандыру идеясын жалғас­тыра отырып, жаңа жүйе елдегі партия­лық жүйе мен көппартиялықтың дамуына да сер­пін бермек. Мысалы, Жаңа Зеландияда ара­лас жүйе енгізілгеннен кейін этностық және тілдік азшылықтар мүддесін қорғай­тын ұсақ саяси партиялар Парламентте өкілдік алды.

Оның үстіне саяси партиялар аймақтық деңгейде де белсенді түрде әрекет етеді. Өйткені бір мандатты округтердегі сайлау елдің заң шығарушы органында депутаттық орын алуға қосымша мүмкіндік береді. Осылайша, 2023 жылғы парламент сайлауы саяси партиялар, саяси белсенді азаматтар мен қазақстандық сайлаушылар арасындағы қарым-қатынасты нығайтады.

 

Әмина ҮРПЕКОВА,

сарапшы