Спорт • 23 Шілде, 2024

«Спортшыларды қайықпен тасымалдайды». Париж Олимпиадасының ашылуы ерекше өтпек

186 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көпшілік тағатсыздана күткен төртжылдықтың басты спорттық бәсекесінің басталуына санаулы күн қалды. Бұл жолғы «жарыс қожайындары» Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты бұрынғыдан өзгерек болатынын айтып отыр, деп жазады Egemen.kz.

«Спортшыларды қайықпен тасымалдайды». Париж Олимпиадасының ашылуы ерекше өтпек

Фото: inbusiness.kz

Спортшылардың ізашар салтанатты шарасы бұрынғыдай жабық ғимаратта өтпейді. Биылғы доданың басты ерекшелігі де осы идея төңірегінде өрбиді. 

«Ұйымдастыру комитеті 26 шілдеде жүздеген қайық мыңдаған спортшы мен өнерпазды Сена өзені бойымен тасымалдайды. Аустерлиц көпірінен басталатын парад Нотр-Дам де Пари соборы арқылы өтіп, Эйфель мұнарасына жақын жерден, көпірлер мен шлюздерден, соның ішінде Пон де Арт пен Пон Нойфтың астынан және Франция астанасының көптеген көрнекті орнының жанынан өтетінін мәлімдеді».

Айрықша шоу 12 бөлімнен тұрады. Парадқа спортшылармен бірге өнер адамдары да қатысады. Салтанатты іс-шара жергілікті уақытпен 19.30-да басталып, шамамен төрт сағатқа созылады деп жоспарланған. Ал қауіп­сіздікті қамтама­сыз етуге 45 мыңға жуық полиция жұмыл­дырылмақ. 

Десе де Қазақстан құрамасының мүшелері ашылу салтанатына түгел қатыспайды. Оның себебін тілшіміз Алмас Манап Париж төрінен қандай сый бұйырады мақаласында тарқатып жазды.

Бұған дейін Олимпиадаға спортшыларды ресми шығарып салу рәсімі өткенін хабарлаған едік. 

Соңғы жаңалықтар