Үкімет • 23 Шілде, 2024

Үкімет басшысы алты әкімге ескерту жасады

194 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов бірнеше облыс әкіміне ескерту жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үкімет басшысы алты әкімге ескерту жасады

Фото: Primeminister.kz

Жиында сөз сөйлеген Үкімет басшысы ауыл медицинасына жаңа медициналық мекемелерді жаппай енгізу және медицина кадрларының белсенді ағыны қажет екенін атап өтті.

«Әкімдіктер барлық нысандардың құрылыс жұмыстарының уақытылы және сапалы жүргізілуіне күнделікті бақылауды күшейту қажет. Бұл ретте Қарағанды, Ақтөбе, Павлодар, Батыс Қазақстан, Алматы облыстары мен Жетісу облысы әкімдерінің назарын аудару қажет. Әсіресе солтүстік өңірлер үшін құрылыс маусымы жақын арада аяқталатынын ескеріңіздер», деді Премьер-министр.