Сайлау • 23 Қаңтар, 2023

29 орынның жөні бөлек

528 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда бір мандатты округтер бойынша соңғы сайлау 2004 жылы өтті. Демек сайлауға қатысты ақпаратты көбірек тарату керек. Яғни дауыс берудің ерекшеліктері мен сайлаудың пропорционалды-мажоритарлық жүйесі туралы түсіндірме жұмысын жүргізген жөн.

29 орынның жөні бөлек

Бір айта кетерлігі, өткен сайлаудың қоры­тын­дысы бойынша партиялық тізім­дегі әйелдер мен жастарға 30 пайыздық кво­та беру нормасы жүзеге асырылып, парла­мент­тік оппозиция институты да енгізіл­ді. Биылғы сайлау науқанының ерекшелігі көп.

Олардың қатарына саяси пар­тияларды тіркеу талаптарының едәуір жеңілдегенін атап айтсақ болады. Бұл іс жүзінде жаңа партиялық қозғалыстарға жол ашты. Мәселен, сайлау жарияланған кезеңде «Байтақ» және «Республика» атты екі жаңа партия тіркелген. Партияларды құру­дың жаңа тәртібінен бөлек, партия­лардың Парламентке кіруіне қойылатын шекті кедергі де төмендетілді.

Осының бәріне бір мандатты сайлау ок­ругі бойынша кандидаттардың үгіт-на­си­хат жұмыстары да қосылып, жаңа сай­лауда тартысты күшейте түспек. Бір мандатты үміт­керлер Мәжілістегі 29 орынға таласады.

Өңірлік деңгейде де айтарлықтай белсенді сайлау науқаны өтуге тиіс. Облыстар және Астана, Алматы және Шымкент қалалары мәслихаттарының депутаттары партиялық тізім бойынша да, бір мандатты округтер бойынша да сайланады. Ал аудандық мәсли­хат депутаттарын сайлау толықтай бір мандаттық жүйемен өтеді.

 

Жанар САНХАЕВА,

Стратегиялық зерттеулер институтының жетекші ғылыми қызметкері