Тарих • 23 Қаңтар, 2023
XX ғасырдың басында Алаш ұлт-азаттық қозғалысының жетекшілері саяси сахнаға шықты. Алайда олар кеңес өкіметінің орнауымен әртүрлі жағдайға ұшырады, жер аударылды, тұтқындалды, атылды. Ал Мұстафа Шоқай ғұмырының 20 жылдан астамын әділеттілік пен заңдылықты қатаң ұстанған Францияда, шетелде өткізуге мәжбүр болды.
Руханият • 23 Қаңтар, 2023
«Рахмет саған, туған ел» қалай жазылды?
Елі ерке ақын атап кеткен Нарша Қашағанұлының бақилық болғанына да біраз жылдың жүзі болды. «Елде тұрам» деп жырлаған ақынның «Ауыл ғана ауыспайтын астана» деген тіркесін таластық жерлестері аузынан тастамай айтып жүреді.
Тарих • 23 Қаңтар, 2023
Кейінгі жылдары қазақ тарихын, оның ақтаңдақ беттерін ұлттық мүдде тұрғысынан зерттеулер көптеп жазылып жүр. «Рухани жаңғыру» бағдарламасымен тұлғалар тарихын саралау жаңа белеске көтерілді. Ал бүгін Әбілқайыр ханның шөбересі, Нұралы ханның немересі, Шығай сұлтанның ұлы Көшекқалидың өмір жолы мен оның ұрпақтарына тоқталмақпыз.
Қоғам • 23 Қаңтар, 2023
Кеңес одағы басшылығының ұйғарымымен «Капустин Яр» әскери полигонына айналған Батыс Қазақстан облысының Орда ауданы 1952 жылы таратылады. «Ел аман, жұрт тынышта жер аударып, Зарлады-ау, Құм Нарынның жас баласы» деп ақын Қайрат Жұмағалиевтің анасы Жаңылғаным Өкенқызы жырлағандай, аудан халқы ата-баба қонысын, мал-мүлкін еріксіз тастап, республикалық ішкі депортацияға ұшырайды. Сөйтіп, Оңтүстік Қазақстан облысының мақта өсіретін Ильичев ауданына Орда ауданының «Интернационал», Калинин, Каганович атындағы және көрші Жаңақала ауданының Ленин атындағы, «Сары өзен» – барлығы 5 ұжымшардан депортацияланған 724 адамның аянышты тағдыры, әсіресе жұқпалы іш-сүзегіне ұшыраған балалар өлімі бүгінге дейін ашық айтылмай келген еді.
Әдебиет • 23 Қаңтар, 2023
Ақын Нұрлан Мәукенұлы (Берғазиев) мына жалғанның жарығын небәрі 43 жыл ғана көрді... Аспаны заңғар, топырағы құнарлы Зайсанда 1960 жылы 25 желтоқсанда дүниеге келіп, өмірдің мәнін өлеңнен іздеп өткен ақынның қазақ поэзиясындағы сапары жалғаса бермек. Тек ақын есімін жаңғыртып, жырларынан сусындап, туындыларын лайықты бағалай білсек, қанеки...