Аймақтар • 23 Қаңтар, 2020
Ақтау битум зауыты 2019 жылғы өндіріс жоспарын артығымен орындады
2019 жылдың қорытындысы бойынша 50% үлесі «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясына тиесілі «CASPI BITUM» БК» ЖШС жол битумын өндіру көлемі 369 073 тоннаны құрады. Бұл жоспарланған көрсеткіштен 23%-ға артық. Салыстыратын болсақ, 2018 жылы зауыт 308 286 тоннаны өндірген болатын. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы жұртшылықпен байланыс департаменті хабарлады.
Аймақтар • 23 Қаңтар, 2020
Алматы бизнесі етек-жеңін жыя бастады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауында Үкіметке еліміздің ең ірі үш қаласы әкімдіктерінің құзыретін, оның ішінде қала құрылысы саясатында, көлік инфрақұрылымы мен сәулет келбетін қалыптастыруда кеңейту туралы тапсырма берілген еді. Осылайша, 2019 жылғы 28 желтоқсанда Мемлекет басшысы «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы», «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін құжатқа қол қойған.
Аймақтар • 23 Қаңтар, 2020
«Ана мен баланы қорғау орталығында» 20 әйел тұрып жатыр
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, өткен жылы өңірде 178 отбасы кикілжіңдері тіркелген. Отбасылық өзара келіспеушілік кикілжіңдері Павлодар, Екібастұз қалалары, Ақтоғай, Баянауыл, Железин, Май, Успен, Павлодар аудандарында анықталған.
Үкімет • 23 Қаңтар, 2020
АШМ-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл талқыланды
Ауыл шаруашылығы министрлігінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен бірлескен ауыл шаруашылығы саласындағы жемқорлықтың алдын-алу жөнінде жиын өтті. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 23 Қаңтар, 2020
Алдағы күндерде ауа райы қандай болады?
«Қазгидромет» РМК 23-25 қаңтарға арналған ауа-райы болжамын жариялады.