Аймақтар • 22 Қаңтар, 2019
Енді алыстағы Ақкөлдің өз «шиномонтажы» бар
Ауыл жастары бүгінде бұрынғыдай қиындыққа төзіп отыра берудің жөні жоқ екенін біледі. Ақкөл ауылы Жанкелдин ауданының орталығынан 130 шақырым жерде жатыр. Қостанай мен Ахмет Байтұрсыновтың кіндік қаны тамған осы өңірдің арасы ұшқан құстың қанаты талатындай, 700 шақырым. Арқалық қаласы да жақын емес. Ал қайда да болса бүгінде техникасыз күн өте ме?
Үкімет • 22 Қаңтар, 2019
Үкімет отырысы: «7-20-25»: 1237 қазақстандыққа баспана алуға ипотека берілмеді
«7-20-25» бағдарламасы аясында баспана алуға өтінім берген 1237 қазақстандыққа қарыз беруден бас тартылды. Бұл туралы Үкімет сағатында Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді.
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2019
Қостанайда көлік шығару 2,2 есеге артты
Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ерлан Спановтың мәлімдеуінше, облыс өткен жылды экономикалық жоғары көрсеткіштермен қорытындылады. Мысалы, инвестиция тарту 13,3 процентке, тапсырылған тұрғын үй алаңы 13 процентке, жалпы құрылыс 23 процентке өсті. Әсіресе, соңғы жылдары облыста өңдеу өнеркәсібі қарқынды өсіп келеді.
Қазақстан • 22 Қаңтар, 2019
Суретшіні өнері өлтіре жаздады
Канадалық суретші Гиллиан Гензер 15 жыл бойы Адам атаның мүсінін жасап келген. Ерекшелігі сол, мүсінді қашауға даладан, теңіз жағасынан теріп алған әртүрлі қауашақ, тас, түрлі жан-жануардың сүйегі сияқты заттарды пайдаланған. Ал бір күні жұмыс уағында суретшінің жағдайы кенеттен нашарлап, емханаға түседі.
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2019
Павлодар облысына қарасты Мәмәйіт Омаров ауылы мектебінің технология пәнінің мұғалімі Жиенхан Қаманайұлы асықтардан түрлі ойыншықтар құрастырады. Өзі ашқан қолөнер үйірмесінде оқушыларды қамшы өрудің қыр-сырына баулып келеді.