Қоғам • 14 Қаңтар, 2015
ОТАНЫМЫЗ – ОРТАҚ ҮЙІМІЗ Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясындағы тапсырмасына сәйкес Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы ХVІ сессиясының шешімімен халық жиыны өткізіліп, сол жиында қоғамдық келісім кеңесі құрылған еді. Кеңестің құрамына 15 адам енгізілген болатын.