Қазақстан • 16 Қаңтар, 2018
Зейнетақыдан айыру әділеттілік пе?
Өзбекстандағы ағайынның атамекенге қарай көштің басын бұрғанына жиырма жылдай болды. Жастар жағы Қазақстанға, оның ішінде Қостанай облысына келіп жатыр. Әсіресе көрші елдің кен орны бар Науаи облысынан келіп жатқан жастар Қостанайдағы Соколов-Сарыбай кен өндіру бірлестігінен жұмыс орнын да тапты. Дайын мамандарды кен кәсіпорны да жақсы қарсы алды деуге болады. Бүгінде Өзбекстаннан келген қазақ жастарын кен алыбының цехтары мен кеніштерінен жиі кездестіруге болады. Оларға кеніштер жұмысының барлық түрі таныс, ұршықтай үйіреді. Рудный қаласы мен оған іргелес Қашар кентіне, сол маңайдағы Таран ауданына келген өзбекстандық қандас ағайындардың саны бүгінде 13 мыңнан асып жығылады. Олардың барлығы да тырмысып, баспанасын да өздері сатып алып жатыр, бизнесін ашуға талпынып жүрген жастардың әрекеті де көңіл қуантады.
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2018
Автопарктер тендер шартына сай емес
Семейде қатарынан тоғыз ай бойы Көлік және коммуникация ғылыми зерттеу институтының мамандары кешенді зерттеу жұмыстарын жүргізген еді. Нәтижесінде Қазақстандағы заңнама аясына қалада көлік тасымалы қызметіндегі алты кәсіпорынның да жұмысы талапқа сай болмай шықты. Қала әкімдігінде өткен жиналысқа осы мәселеге орай құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысты.
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2018
Ел игілігіне айналған ғасыр жобасы
2005 жылы 14 мамырда Қазақстан электролиз зауытының іргетасы қаланған болатын. Зауыттың алғашқы және екінші кезегін де Елбасы өзі келіп іске қосқан еді. Ел игілігіне айналған ғасыр жобасы бүгінде бір қала секілді, жарқырап алыстан көрінеді.
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2018
Кез келген тұтынушы отандық азық-түлікті таңдайды десек, қателеспейміз. Дастарқанға өзімізде өндірілген өнімнің қойылғанын қалайтынымыз рас.
Қазақстан • 16 Қаңтар, 2018
Латын қарпі тіл мәртебесін арттырады
Ғылым мен техника күн санап қарыштап дамыған заманда әр мемлекеттің тәуекелге бел байлап тарихи шешім қабылдайтын сәті болады. Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласындағы баса айтылған мәселенің бірі латын қарпіне өту болды. Бұл өз кезегінде ұлттың, мемлекеттің болашағы үшін жасалған оң бастама, игілікті қадам деп есептеймін.