Сұхбат • 26 Қаңтар, 2021
Мамандардың мәлімдеуінше, алдағы наурыз айында коронавирус қайта күшіне енуі мүмкін. Оның үстіне көктемде адам бойын әлсіздік билейтін кезеңде вирустың өршитін әдеті екенін қарапайым адамдар да өз тәжірибесінен жақсы біледі. Бұған қоса әлемді жайлаған қауіпті індеттің мутацияға ұшырауы да халықты алаңдатып тұр. Осы ретте ең маңызды және бәріміз құлақ түріп, ел болып елеңдеп отырған ақпарат – алдағы уақытта басталатын вакциналау мәселесі. Дегенмен, екпенің сапасына немесе оны егу-екпеуге қатысты екіұдай көзқарас қаптаған қоғамда көңілімізді алаңдатқан сұрақ көп. Сол сауалдарды Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалы директорының орынбасары Манар Асырқызына қойдық.
Руханият • 26 Қаңтар, 2021
Әйгілі «Ералаш» киножурналының әкесі Борис Грачевский дүниеден озды. Есі кірген сәби мен еңкейген қарттың езуіне күлкі үйірген кинорежиссердің еңбегі көл-көсір. Кеңестік кезеңнің көркем туындысы өз заманында әр баланың жүрегіне ұя салды десек, қателеспеспіз. Еркіндікке құмар балдәурен шақтың балмұздағындай тәтті туындылар ойынқұмар жастың ермегіне айналды. Айналып қана қойған жоқ, сонымен бірге есейтті. Міне, бүгін бүтін бір дәуір көшкендей.
Руханият • 26 Қаңтар, 2021
Өз бейнесіне өзі ғашық сұлу Нарцисс ұзақ күнге айдынға қараумен болушы еді. Ең аяғында сол суға қатты үңіле беріп, батып өледі. Ал жағалауда оның көз жасынан өзі аттас гүл өсіп шығады. Бірақ, Оскар Уайльд бұл әңгімені басқаша баяндайды. Нарцисс қаза тапқанда, орман нимфалары айдыннан: – Сен неге жылайсың? – деп сұрайды. – Мен Нарцисті жоқтап отырмын, – дейді айдын. – Оған таң қалуға болмайды, – дейді нимфалар. – Оған ғашық емес жан жоқ, алайда оның сұлулығын ең жақыннан көрген жалғыз сен едің, – дейді. – Ал ол сұлу ма еді? – деп сұрады сонда айдын. – Бұл туралы сенен артық кім баға бере алады? – деп таң қалысады нимфалар. – Сенің жағалауыңда, сенің суыңа таң атып, кеш батқанша қарап отыратын сол емес пе еді? Айдын ұзақ уақыт үндемей, ақыры былай деп жауап береді: – Мен Нарцистің сұлу екендігін ешқашан байқамасам да, оны жоқтап жылаймын. Себебі, ол менің жағалауыма келіп, маған еңкейген сайын оның жанарының түбінен мен өзімнің әсемдігімді көретін едім, – дейді.
Экономика • 26 Қаңтар, 2021
Зейнетақы қаражаты: Реформа ілгері басты
Биыл 23 қаңтарда зейнетақы жинағының бір бөлігін мерзімінен бұрын алуға өтініштер қабылдауға арналған арнайы сайт жұмыс істей бастады. Алғашқы күні 129 мың адам өтініш беріп, жеткілікті мөлшерден асқан тиын-тебені арқылы жағдайын жақсартуға кірісті. Сайт құрылымы әлеуетті, алғашқы күні БЖЗҚ мен «Отбасы банкке» еш мәселе туындаған жоқ. Қазіргі жинақтаушы жүйенің артықшылығы салымшыға жеке мүддесіне пайдалануға мүмкіндік бере алатынымен ерекшеленетінін ел сезе бастады.
Кино • 26 Қаңтар, 2021
Жаңа драма: «Туған күніңізбен, анашым!»
Алматыда StartDrama театр лабораториясы Фархад Молдағалидің режиссерлігімен OzgeEpic өнер кеңістігінде «Туған күніңізбен, анашым!» атты қойылым қойды. Спектакль жас жазушы Әлішер Рахаттың аттас пьесасы желісінде сахналанып отыр.