Қаржы • 23 Қаңтар, 2023
Ұлттық банк 23 қаңтарға арналған валюта бағамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 23 Қаңтар, 2023
Мемлекет басшысы Парламент Мәжілісінің сайлауы 19 наурызда өтетіні туралы Жарлыққа қол қойды. Жалпы, бұл сайлау осыған дейін өткізілген саяси іс-шаралардан өзгеше өткелі тұр. Оның бірнеше себебі бар.
Экономика • 23 Қаңтар, 2023
Халық қазынасы қашан қайтарылады?
Шетелге заңсыз шығарылған активтер туралы билік ең алғаш рет «Қасіретті қаңтардан» кейін ашық айтты. Нақтырақ айтсақ, қаңтар оқиғасынан кейін тура екі апта өткенде – 21 қаңтарда отандық ірі бизнес өкілдерінің басын қосқан Қ.Тоқаев ұлттық байлықтың тең жартысы 162 адамның қолына жинақталғанын жария етіп, «жағдайды шұғыл өзгерту керек» деді. Ал 8 ақпанда Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында министрлер кабинетіне екі айдың ішінде сыртқа заңсыз шыққан қаржыны, активтерді қайтару жөнінде нақты ұсыныс беру туралы тапсырма берді. Содан бері не өзгерді? Қандай жұмыс атқарылды?
Саясат • 23 Қаңтар, 2023
Қоғамдық бақылаудың маңызы зор
Президент активтерді елге қайтару бойынша нақты тапсырма берді. Бірақ Үкімет осы тапсырманы қандай дәрежеде атқара алады? Қандай заңдылық нормаларды қабылдайды? Мәселе – осында. Көп жағдайда Үкімет қауқарсыздық танытады және өте баяу қимылдайды.
Экономика • 23 Қаңтар, 2023
Заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі шаралар туралы Жарлық – мемлекеттен жымқырылған қаражат пен дүние-мүлікті қайтару да маңызды құжат. Себебі Жарлықта ұрланған ақшаның қайтарылуын тездетуге жол ашатын бірнеше мәселе қаулы етілді. Атап айтқанда, Үкіметке осы жылдың 31 наурызына дейін активтерді қайтару туралы арнайы заң жобасын әзірлеп, Парламент Мәжілісінің қарауына енгізу тапсырылды. Қазір Бас прокуратура мен Үкімет және басқа да мүдделі мемлекеттік органдар бірлесіп заң жобасын әзірлеп жатыр.