Экономика • 23 Қаңтар, 2023
Медициналық қызметке жұмсалатын жарна
2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығында МӘМС үшін Астана қаласы бойынша 67,5 млрд теңге жарна аударымдары түскен. Ал өткен жылдың желтоқсан айында елордалықтар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін 6,9 млрд теңгеден аса жарна аударды. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының елорда филиалы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Астана қаласы бойынша 2017 жылдың 1 шілдесі мен 2022 жылдың 31 желтоқсаны аралығында медициналық сақтандыру үшін жинақталған жарнаның жалпы сомасы 168,2 млрд теңгеге жуықтайды.
Аймақтар • 23 Қаңтар, 2023
Сапалы тері өңдеу мен өткізудің машақаты
Әдемі тон, сапалы аяқкиім дайындайтын терінің мәселесі қордаланып қалды. Соңғы он жылдықта Үкіметпен де, банкпен де, тіпті бизнеспен де тіл табыса алмай келе жатқан салалардың бірі – ірі қара терісін кәдеге жарату саласы. Тері өңдеушілер мен аяқкиім әзірлеуші арасында өзіндік нарық қалыптаспағанын сала өкілдері де жиі айтады. Соңғысы әлі күнге дейін көрші елдің нарығына көз сүзіп, сапалы теріні сол жақтан алуға тырысады.
Қоғам • 23 Қаңтар, 2023
Павлодар облысы орын тепкен аумақтың ортағасырлық тарихын қарастыратын болсақ, бұл жердің шежіресі Қимақ қағанатымен тікелей байланысты. Тарихшылардың дерегінше, Қимақ бірлестігі 656 жылы Батыс Түрік қағанаты құлаған соң құрылған. Өкінішке қарай, Керекудегі көптеген көне топонимикалық атаудың сыры әлі күнге ашылмай отыр.
Қоғам • 23 Қаңтар, 2023
Ақкетік – әрі тарихи, әрі халықтық атау
Маңғыстауда сұраудан халық жалықпай, шешуге билік асықпай жылдар бойы созылып келе жатқан мәселенің бірі – Форт-Шевченко қаласының атауын Ақкетікке ауыстыру жайы. Бұл туралы Egemen Qazaqstan газетінің 2018 жылғы 26 маусымдағы №118 санында «Қарашаңырақты кім «ұстап» отыр?» деген мақала да жарияланған еді. Алайда өзгерген ештеңе жоқ, сондықтан бұл мәселеге қайта қалам тербеуге мәжбүрміз.
Қазақстан • 22 Қаңтар, 2023
Онлайн платформалар туралы заң жобасы әзірленеді
Қазақстанда интернет-жарнама және онлайн платформалар туралы заң жобасы әзірленеді, деп хабарлайды Egemen.kz АҚДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.