Аймақтар • 22 Қаңтар, 2023
Кеншілер министрмен кездескісі келеді
Әр аймақтың өзінің шетін мәселелері бар. Өндірісті Қарағанды үшін өнеркәсіптегі ахуал өзекті. Соның ішінде кеншілер проблемасы бар. Қарағандының даңқын асырған, тәуекелі аса жоғары жағдайда еңбек ететін кеншілер тағдыры көмір барда күн тәртібіндегі бірінші мәселе болып қала бермек. Жеті қат жер астында ауыр жұмыс істейтін олардың үнін есту үшін 2021 жылы Келісім комиссиясы құрылған-тын. Бұл комиссия алдыңғы жылы Абай шахтасындағы апаттан соң жасақталғанын атап өту қажет.
Экономика • 22 Қаңтар, 2023
Статистика жаңарған сайын халықтың атаулы табысы ұдайы артып отыратынын аңғарамыз. Бірақ бұдан жұрттың қалтасы қалыңдап, жағдайының оңала түскені байқала қоймайды. Ендеше, тұрмыс деңгейінің өзгерісіне әсер ете алмайтын бұл қандай өлшем?
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2023
Мысыр елінде NIS оқушыларының ноу-хауы жоғары бағаланды. Талдықорған қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектеп оқушыларының «нашар көретін және зағип жандарға арналған көзілдірік» жобасы шетелдіктерді таңғалдырды.
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2023
Компьютерлік ойын ойлап тапқан оқушы
Қазақ балаларының қолы тиген жер жайнап кетеді ғой, шіркін! Қабілеттерін IT саласында сынап, алғашқы өнертабыстарымен мұхит асып, жалпақ елге танылған өрендерді көргенде бойыңды мақтаныш кернейтіні бар. Келешекте бұл қатарға қарапайым ауыл мектебін тәмамдағалы отырған Темірлан Мұстафин да қадам баспақ ниетте.
Экономика • 22 Қаңтар, 2023
Елімізде жерді пайдалануды бақылау қатаңдайды. Біріншіден, ел бойынша ауылшаруашылық жерлерінің интерактивті картасы іске қосылды. Ол Jerkarta.gharysh.kz деп аталады. Екіншіден, жерді пайдаланудың дұрыс-бұрысын кірпік қақпай көк жүзінен бақылайтын ғарыш жүйесі жұмыс істейді. Бұл – «JerInSpectr» платформасы. Цифрлық даму министрлігі AGROSPACE деп аталатын тағы бір платформаны құрудың алғышарттарын қарастырып жатыр. Үш жоба анталаған қалың көз – заманның еркін шағында жер атаулыны өз атына өңгере берген латифундистерді әшкере етіп, жердің әу бастағы негізгі міндеті саналған ауыл шаруашылығы саласын дамыту бағытына орай икемдеуге тиіс.