Аймақтар • 22 Қаңтар, 2023

Кеншілер министрмен кездескісі келеді

166 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Әр аймақтың өзінің шетін мәселелері бар. Өндірісті Қарағанды үшін өнеркәсіптегі ахуал өзекті. Соның ішінде кеншілер проблемасы бар. Қарағандының даңқын асырған, тәуекелі аса жоғары жағдайда еңбек ететін кеншілер тағдыры көмір барда күн тәртібіндегі бірінші мәселе болып қала бермек. Жеті қат жер астында ауыр жұмыс істейтін олардың үнін есту үшін 2021 жылы Келісім комиссиясы құрылған-тын. Бұл комиссия алдыңғы жылы Абай шахтасындағы апаттан соң жасақталғанын атап өту қажет.

Кеншілер министрмен кездескісі келеді

Содан бері жүйелі түрде кенші ұжымымен кездесіп, олардың мәселелері талқы­ланады. Соның нәтижесінде осы комиссия арқылы кен­шілердің біраз ұсыныс-тілегі орындалды. Аймақ басшысы Ермағамбет Бөлекпаев өткізген комссияның кезекті отырысында кеншілер ерте зейнетке шығуды пысықтау үшін Еңбек және әлеуметтік қорғау министрімен кездескілері келетінін жеткізді.

– Келісім комиссиясы тұ­рақ­ты негізде жұмыс істейді. Кеншілерді толғандыратын мәселелердің көпшілігі оң шешімін тапты. Бұл, әрине, біздің кәсіпорындардың тұрақ­ты жұмысына ықпал етеді. Бірақ біз жауабын күткен бір­­қа­тар жүйелі сұрақ бар, – дей­ді «Қорғау» көмір өн­діру­шілер кәсіподағының төраға­сы Евгений Буслаев. Оның ең бастысы – ерте зейнетке шығу. Кеншілер осы орайда министрліктің ұстанымын білгісі келеді. Ол үшін Еңбек және әлеуметтік қорғау министрмен кездесуді сұрайды. Облыс әкімі Е.Бө­лекпаев бұл орайда көмек бере­тінін айтып отыр.

Сонымен қатар отырыста «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің шахталарын дамыту әлеуетін қарастыру да ұмыт қалған жоқ. Компания өкілдері шахталарға қатысты инвестициялық жобалар, құрал-жабдықтарды жаңарту жөнінде баянда­ды. Аймақ басшысы «Арселор­Миттал Теміртау» басшылы­ғына инвестициялық бағдар­ламамен әр шахта ұжымының танысуға тиістігін атап, оны ұжымдарға ұсынуды талап етті.

– Бұл ақпарат қолжетімді болуы керек. Инвестициялық таныстырылымдармен кәсіп­орындардың өздері де танысуы қажет. Кездесулер өт­кізіңіздер, талқылаңыздар. Кеншілер өз шахталарының болашағын көріп, білуге тиіс, – деді Е.Бө­лекпаев. Бұл жолғы отырыс­та кеншілерді сауықтыру да сөз болды. «Шах­тер» жә­не «Жартас» демалыс үйі жөндеуге жабылған. Дегенмен кеншілердің Қазақ­станның кез келген шипажайы­на жолдама алуына рұқсат. Компания же­текшілері бұл тұрғыда ешбір қиындық туындамайтынына уәде береді.

 

Қарағанды облысы