Сұхбат • 19 Қаңтар, 2024
Алмас Ахметбек: Көк ту – азаттық рухы
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында жырын жүрегіне құндақтап, алып ұшып елге жеткен ақын Алмас Ахметбек қазақ руханиятының көгінде «Көк тудың желбірегені» әні арқылы патриоттық төңкеріс жасады. Қазақтың ішкі табиғатымен үндесіп, алпыс екі тамырын бұлқындырып жіберген саф дүниені ел жылы қабылдады, жүректерден орын алды. Кейіпкерімізбен арадағы әңгімеде Көк туымызбен алғаш кездескен кездегі көңіл күйінен бастап бүгінге дейінгі өзгерістерді еске алдық.
Айбын • 19 Қаңтар, 2024
Қарулы күштерде тәрбие жұмысы органдарының тарихы 1993 жылғы 19 қаңтардан бастау алады. Сол күні Президент Жарлығымен командирлердің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасарлары институты құрылған болатын.
Еңбек • 19 Қаңтар, 2024
Адал еңбек өтемі – лайықты жалақы
Бүгінде Үкімет басында жұмыс берушілер мен кәсіподақ бірлестіктері арасында 2024-2026 жылдарға арналған Бас келісімді дайындау қызу жүріп жатыр. Мамандар аталған құжаттың мүмкіндігі мол екенін айтады. Әсіресе жұмысшылар мәселесімен етене таныс салалық кәсіподақтар келісім жобасын белсенді түрде талқылап, өз ұсыныстарын беріп жатыр.
Қоғам • 19 Қаңтар, 2024
Дүкен иелерінің уәжі немесе мобильді аударымдарға қатысты кілтипан
Жаңа жыл басталғалы бері мобильді аударымдарға қатысты өзгерістер такси жүргізушілерін ғана емес, үйдің айналасындағы дүкен иелерін де уайымға салып отыр. Біз бұған дейін үкіметтің салық мәдениетін қалыптастыруға қатысты нақты қадамдары жеке кәсіп иелерін қынжылтып отырғаны туралы мәселе көтергенбіз. Дегенмен үй жанындағы дүкен иелерінің уәжі мен талабы нендей?
Аймақтар • 19 Қаңтар, 2024
Жаңа жылдың қуанышы – Әйтеке би ауданы Құмқұдық ауылына көгілдір отын келді. Ауылға газ құбыры 90 шақырым жердегі аудан орталығы Темірбек Жүргенов ауылынан тартылды.