Әдебиет • 20 Қаңтар, 2022
Шабыт туралы шындықты табу да, оған көз жеткізу де қиын. Себебі шабыт туралы әркімнің түсінігі әрқилы. Өзгеше, иен жатқан арал сияқты, оны ашу да мүмкін емес. Көзге көрінбейтін, қолға ұсталмайтын осы бір ерекше құбылыс туралы бір сәт толғанып көрсек, ой да түбіне жеткізбейтін сияқты.
Қысқы спорт • 20 Қаңтар, 2022
Жолдама көп, нәтиже қалай болар екен?
Өткен аптаның соңында Бейжіңде өтетін Олимпия ойындарына жолдама беретін барлық іріктеу және рейтингтік жарыстар аяқталып, спортшыларға екі жыл бедерінде көрсеткен нәтижелеріне сай лицензиялар берілді. Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитеті жариялаған мәлімет бойынша аралық қорытындының нәтижесінде қазақстандық атлеттер спорттың 8 түрінен 82 жолдамаға қол жеткізді.
Әдебиет • 20 Қаңтар, 2022
Әдебиетте жақсы шығарма жазған әр қаламгердің өмір жолы әртүрлі. Ол тағдырлар барша әлемге жазушылыққа тек қызығушылықпен келмейтінін дәлелдеді. Шынында, оқырман жата-жастана оқыған, кейіпкерлерін талқылап, іс-әрекеттерін сынаған кітаптар қалай жазылды? Шығармадағы ширығу, ішкі сезіну, образдың мінезін ашуда автор қандай күй кешті? Оның кейіпкерлерінің жаны қаншалықты өзінікімен ұқсас? Оқырман автор шығармаларын оқып тауысқан соң, оның жеке өміріне, биографиясына қызығады. Бұл – заңдылық. Ал жүздеген жылдар бұрын өмір сүріп, әдебиетте жұлдызы жанған кей жазушылардың өмірі осы күнге дейін талқыланып жатады. Тұлғалық өмірдің әлі де бір құпиялары шығып келеді. Планетадағы миллиардтаған адамның бірінің (һәм бірегейі) ғұмыры ғасырдан да ұзақ жылдар бойы қоғамға қызықты болуын қандай құбылысқа балауға болады?..
Қазақстан • 20 Қаңтар, 2022
Көктемде қанша жас әскерге шақырту алатыны белгілі болды
Еліміздегі қорғаныс істері жөніндегі департаменттерінде, басқармалары мен бөлімдерінде 2022 жылғы көктемгі әскерге шақыру науқаны алдында жастарды сұрыптау, саралау жұмыстары басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 20 Қаңтар, 2022
ҰҚШҰ Бас хатшысы Тәжікстанға көмек қажеттігін айтты
ҰҚШҰ Бас хатшысы Станислав Зась Ресей Мемлекеттік думасының ТМД істері, Еуразиялық интеграция және отандастармен байланыс жөніндегі комитет отырысында Тәжікстанға төнуі мүмкін қауіптің алдын алуға көмек көрсету қажеттігін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.