Қоғам • 17 Қаңтар, 2025
Тірі жетімнің несібесі кемімесін...
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтауында: «Ұл-қыздарымыздың парасатты және жан-жақты болып өсуіне жағдай жасау, жас азаматтардың құқығын қорғап, денсаулығын сақтау әрдайым мемлекеттің басты басымдығы саналады», деп мәлімдеді. Бұл ретте бүгінде бауыр еті баласынан безген «көкек әкелер» мен «көкек аналардың» тірі жетім атанған перзенттері үшін алиментті уақтылы және толық мөлшерде төлеу мәселесі өзекті.
Банк • 17 Қаңтар, 2025
Ұлттық банк еліміздің төлем жүйелері, екінші деңгейлі банктер мен төлем жүйесінің өзге де қатысушылары төлем хабарламаларының халықаралық ISO 20022 стандартына сәтті көшірілгенін хабарлады. Жаңа стандартты ескере отырып жаңғыртылған төлем жүйелері мен банктердің ақпараттық жүйелері 2025 жылғы 13 қаңтардан бастап жаңа форматта іске қосылды.
Салық • 17 Қаңтар, 2025
Салық жүйесі қайтсе сапаланады?
Былтыр Мемлекет басшысы Жолдауда еліміздің салық жүйесін жаңғырту қажеттілігіне баса назар аударған-тұғын. Президенттің пікірінше, жаңа Салық кодексі экономиканы тұрақты дамытудың, іскерлік белсенділікті арттырудың әрі салықтық әділеттілік қағидаттарын енгізудің маңызды құралы болмақ. Одан бөлек, салық жүйесін цифрландыру, жоба-жоспарын реттеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Оның ішінде жаңа Салық төлеушінің кабинеті бар.
Аймақтар • 17 Қаңтар, 2025
Шаруаларды қолдау тетігіндегі өзгерістер
Шаруалар биылдан бастап көктемде дән егіп, күзде өнім жинап алу үшін берілетін субсидиядан қағылайын деп отыр. Бұдан былай диқандарға демеуқаржының орнына жылдық сыйақысы 5% арзан несие берілмек. Жылдың қарбалас шағында қолдау көрсетіп, қолтығынан демейтін мемлекетке арқа сүйеп үйренген диқанның мұндай өзгерістен соң «алдағы науқан қалай болар екен» деп алаңдайтындайы бар.
Үкімет • 17 Қаңтар, 2025
Премьер-министр Олжас Бектенов тұрғын үй құрылысын одан әрі дамыту және баспана қолжетімділігін арттыру мәселелері бойынша кеңес өткізді. Мемлекет басшысының «Ana tili» газетіне берген сұхбатында айтқан тапсырмаларын орындау бойынша жұмыс барысы қаралды.