Қоғам • 20 Қаңтар, 2023
Жазиралы Жаркентте малшылары малын қыстан шығынсыз шығару үшін табиғи жайылымдарды барынша тиімді пайдаланып, қолдағы жемшөп қорын да үнемдеу жолын қарастырып отыр. Ауданда қыс пен көктемгі мал төлдету науқанына жалпы 85 380 тонна шөп, 23 600 тонна жоңышқа, 23 мың тонна сүрлем, 28 900 тонна сабан, 12 900 тонна пішендеме және 39 200 тонна жүгері жемі дайындалған.
Аймақтар • 20 Қаңтар, 2023
Мыңғыртып қой-ешкі асырағанмен, қырыққан жүні ысырап болып, күресінде жатыр. Рас, қолда бар тері мен жүнді кәдеге жарата алмай келе жатырмыз. Есесіне жүннен тоқылған киім-кешекті, былғары күртелерді шетелден жеткіземіз. Шығыста тері мен жүн өңдейтін бірде-бір кәсіпорын жоқ. Әйтеуір, Көкпекті ауданының тұрғыны Нұрилә Мақым халықтан жүн қабылдап, көрпе, жастық тігетін кішігірім цех ашыпты. Соған қуандық. Шаруаны дөңгелетіп әкету үшін мемлекеттен қолдау болса деп тіледік.
Ауыл • 20 Қаңтар, 2023
32 ауыл үміт артқан бағдарлама
Жалпы, статистика мәліметтеріне сүйенсек, еліміз бойынша 6,5 мыңға жуық елді мекенде 7,7 млн-нан астам адам тұрады. Бұл – Қазақстан халқының 42 пайызы. Қарағанды облысында 1 млн 134 мың тұрғынның 80 пайызы қалада, 20 пайызы ауылда түтін түтетіп отыр. Яғни 279 мыңға жуық қарағандылық тұрғын ауылда тіршілік етіп жатыр.
Экономика • 20 Қаңтар, 2023
Банктер қандай тиімді карталар ұсынады?
Былтыр жыл соңында елдегі банк карталарының саны 64,4 млн-ға жетті. Сөйтіп, 2021 жылдан бері 9,9 пайызға көбейді. Карталардың 33 миллионы белсенді түрде қолданылыпты. Дебеттік карталар да, несие карталары да белсенді өсім көрсетіп отыр. Ал 2022 жылдың 11 айында қолма-қолсыз жасалған төлем көлемі төлем карталары бойынша жиынтық қаржы айналымының 82 пайызын құраған.
Аймақтар • 20 Қаңтар, 2023
Тоқыма өнеркәсібін дамыту жолы
Алдағы уақытта Шымкентте өзбекстандық инвесторлармен бірлескен 4 ірі өндірістік кәсіпорынды іске қосу жоспарланып отыр. Бұл – керамикалық тақтайша, жұқа табақты мырышталған болат, инфузионды ерітінділер және тоқыма өндірісі. Осы ретте Ташкент қаласында өткен Өзбекстан-Қазақстан бизнес-форумында қала әкімдігі тарапынан «Orient Ceramic», «Dentafill Plus» және «Alliance Textile» компанияларымен екіжақты меморандумға қол қойылды. Келешекте инвестициялық құны 192 млн долларды құрайтын бірлескен жобалар арқылы үшінші мегаполисте құрылыс, фармацевтика және жеңіл өнеркәсіп бағытындағы ірі кәсіпорындар құрылады.