Саясат • 11 Қаңтар, 2018
Елбасымыз рухани жаңғыру үшін ұлттық сананы өзгертуден бастаған дұрыс дей келе, негізгі бірнеше бағытқа тоқталған болатын. Атап айтқанда, табысқа жетудің бір жолы – бәсекеге қабілеттілік. Жеке адамның ғана емес, тұтас халықтың сапалы білім, ғылым, компьютерлік сауаттылық, тіл, қызмет, материалдық өніммен аймақтық не әлемдік нарықта табан тіресе алуы бәсекеге қабілеттілікке алып келе алады. Бәсеке бар жерде жұмыс жүреді. Жұмыс бар жерде өнім болады. Бәсекеге сөз жүзінде емес, іс жүзінде кіріссек, дамудың көшіне ілесеміз.
Аймақтар • 11 Қаңтар, 2018
Президент еңбегі – мемлекет танытушы құрал
Қазақстан Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бірлесе отырып, университет кітапханасына белгілі қоғам қайраткерлерін, саясаттанушылар мен әлеуметтанушыларды және университет ұстаздары мен студенттерді Н.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты жаңа кітабын талдауға арнаған «Адами капиталдың жаңа сапасы» атты дөңгелек үстелге шақырды.
Саясат • 11 Қаңтар, 2018
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қаламынан 50-ден астам кітап шыққан. Соның ішінде 2017 жылдың аяғында жарық көрген «Тәуелсіздік дәуірі» атты еңбегінің алатын орны ерекше.
Әлем • 11 Қаңтар, 2018
АҚШ-тағы Ресей елшілігі орналасқан алаңға ресейлік оппозиционердің есімі берілмек
Вашингтонның қалалық кеңесі сейсенбі күні Ресей елшілігі орналасқан алаңды белгілі ресейлік оппозиционер Борис Немцовтің атына беру туралы заңжобасын бірауыздан қолдады. Бұл туралы bbc.com хабарлады.
Саясат • 11 Қаңтар, 2018
Жаңа технологиялар енгізу – маңызды міндет
Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жаңа Жолдауымен мұқият танысып шықтым. Атының өзі айтып тұрғандай, одан заман жаңалықтарының лебі еседі.