Аймақтар • 19 Қаңтар, 2023
Тағдыр талайы күрделілеу, көптен өзгеше тұрмыс кешу пешенесіне жазылғандардың қалыпты өмір сүруін қамтамасыз ету – бүгінде жиі айтатын азаматтық қоғамның бірден-бір міндеті. Сондықтан да бұл кірпияздау мәселеге мемлекеттік деңгейде мән беріледі. Қандай да бір физикалық дамуындағы кедергілерге қарамастан кез келген адам өзін қоғамның толық мүшесі санайтындай жағдай жасалуға тиіс.
Аймақтар • 19 Қаңтар, 2023
Қазақта «қыналы бармақ» деген теңеу бар. Яғни «аз нәрсені көптей қылады, көп нәрсені көлдей қылады». Ерінің барын да, жоғын да білдірмейтін осы қыналы бармақ қыз-келіншектер. Жетісуда тігін кәсібін тізгінге алған арулар жетерлік. Тіпті басым бөлігі мемлекеттен бөлінген грантты игілігіне жаратып, ісін шыр көбелек айналдырып отыр.
Аймақтар • 19 Қаңтар, 2023
Алапат өрт трактордан тұтанған
Әулиекөл ауданында былтыр күзде болған алапат өртке қатысты сот үкімі шықты. Бас прокуратура қызметкерлері тергеген іске Әулиекөл аудандық соты нүкте қойды.
Бизнес • 19 Қаңтар, 2023
Өткен жылдың соңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлықтарының жеңімпаздарын марапаттау салтанатында: «Бизнесті реттеудің жаңа тәсілдері іс жүзінде 2024 жылдан бастап жұмыс істей бастауға тиіс. Бизнесті тексеру және қылмыстық қудалауға келер болсақ, осыған дейін де бизнесті негізсіз бақылауға, қылмыстық қудалауға жол жоқ екенін айтқан болатынмын. Бұл – менің нық ұстанымым» деген еді. Ал Бас прокуратураның мәліметіне сүйенсек, былтыр бизнесті негізсіз қудалаудан қорғау аясында 6 мың кәсіпкер 700 млн теңге мөлшеріндегі заңсыз айыппұлдан босатылған.
Суицид • 19 Қаңтар, 2023
Балалар суициді – қатерлі дерт
Елімізде жыл кіргелі 20 күнде кәмелетке толмаған үш жеткіншек өз-өзіне қол салды. Жасөспірімдер арасындағы суицид фактісі Алматы және Ақтөбе өңірінен тіркелді. Бұл бізге белгілісі ғана. Балалардың бұлай жігерінің жасуына не себеп? Жалындап өсіп келе жатқан жеткіншектер өлім туралы неге ерте ойлайды? Қайғылы жағдайдың алдын алу үшін мемлекет тарапынан қандай жұмыстар атқарылып жатыр? Көпшілік көкейіндегі сұрақтарды зерттеп көрдік.