Театр • 11 Қаңтар, 2018
Спектакль аяқталды. Шымылдық жабылды. Актриса сахнадан ақырын ғана жылжып, бұрылып артына қарады да тұрып қалды... Құлағы шуылдап қоя берді. Жаңа ғана осы аядай жерде қаншама шырғалаң, шырмауық тағдырлардың тартысы, жүректің жасы, жеңу мен жеңілу, етпеттеп құлап, қайта тұру, сыбызғы сезім, сырнай күлкі сылқ-сылқ еткендей ме, махаббат әні... Бірде жаңбыр, кейде нөсер... Найзағай жарқылдап, отша лапылдаған толассыз, ессіз сезімдер тізбегі әлі шуылдасып жатқандай... Спектакль аяқталып, кетіп бара жатқан актриса артына бұрылып қараған сәтте сахнада жан бардай сезінді. Сахна мен актриса бірге ақырын ғана күрсінді... Актриса жымиып: «Кездескенше, менің киелі сахнам...» деп тез-тез басып шығып кетті. Бұл ғажайып күйді кешіп, саналы ғұмырын өнерге арнаған жаны сұлу, терең, талантты актриса Бақыт Арғынғазықызы Исабекова еді.
Саясат • 11 Қаңтар, 2018
Біріккен Ұлттар Ұйымының ең іргелі құрылымы Қауіпсіздік Кеңесіне мүше болу және оған төрағалық ету әлемдегі елдердің кез келгеніне бұйыра бермейді. Оған халықаралық қоғамдастықта ұстамды саясатымен өзін мойындата білген мемлекеттер ғана қол жеткізе алады. Еліміздің осындай деңгейде мойындалуы, төрткүл дүниенің қауіпсіздігі үшін төрелік айтатын төрге отыруы Елбасының ерен еңбегінің жемісі екені ақиқат.
«Мемлекеттік тілді білмек – елшіден...»
Қазақстанға танымал тұлға, сенатор Икрам Адырбеков «Елшілердің шетелде болу мерзімін 5 жылдан арттырмау мәселесі өзекті болып отыр, себебі қазіргі кезде 20 жылдан астам уақыт бойы елге оралмаған елшілер, дипломаттар бар. Олар елден қарым-қатынасын үзді деп айтуға болмайды, дегенмен де соны нашарлатқан, елдегі жағдайды терең түсінбейді» деді («Сөзбе-сөз» – «ҚазАқпарат»).
2018: ұстаным өзгермейді, белсенділік артады
Көптеген болжамдарға сәйкес, 2018 жыл бүкіләлемдік қоғамдастық үшін өте күрделі жыл болады. Халықаралық қатынастар жүйесінің дағдарысы жағдайында әрбір дербес мемлекет жаһандық бейбітшілік пен тұрақтылыққа қол жеткізу үрдісіне өз үлесін қосуы тиіс. Қазақстан әлемдік күн тәртібінен шеткері қалмайды. Қалай десек те, бізді өңірлік және жаһандық деңгейдегі статус-квоға ықпал ететін бірқатар жағдайлар күтіп тұр.
Аймақтар • 11 Қаңтар, 2018
Парламент депутаттары Батыс Қазақстан облысына келді
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Ерболат Мұқаев пен Нариман Төреғалиев, сондай-ақ Мәжіліс депутаты Бақтияр Мәкен Батыс Қазақстан облысына іссапармен келіп, ел-жұртпен жүздесті.