Руханият • 20 Қаңтар, 2020
Сарайшық – Жошы ұлысы билеушілерінің пантеоны
Бүгінде Жошы Ұлысы – Алтын Орда тарихындағы шешімін таппаған мәселенің бірі – Сарайшықтағы пантеон және ондағы жерленген ел билеген тұлғалар тарихы болып отыр. Сарайшық пантеоны 1475 жылғы венециялық монах Фра Мауроның картасында Жайықтың оң жағалауына салынған.
Қоғам • 20 Қаңтар, 2020
Тәжік-ауған шекарасында қызметін өтеген қазақстандық әскерилер және қаза тапқан 17 жауынгер туралы «Қазбат» атты көркем фильм түсірілген болатын. Сол 7-рота командирінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болған, бүгінде құрметті зейнет демалысына шыққан запастағы полковник Берік Омаров әскери борышын өтеу кезінде көрсеткен ерлік пен жанқиярлық үлгісі үшін ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған-ды. Полковник Берік Ілесбекұлымен болған сұхбат тәжік-ауған шекарасындағы әскери қызмет жөнінде өрбіді.
Қазақстан • 20 Қаңтар, 2020
Абай Тасболатов: Әскері қуатты ел алаңсыз өмір сүреді
Еліміз тәуелсіздік алған сәттен бастап Елбасы еліміздің қорғаныс қабілеті Отан қорғаушылардың біліктілігіне, жауынгерлік және патриоттық рухына байланысты екенін айқын түсінді. Сондай-ақ Тұңғыш Президент Н.Назарбаев Қазақстан Қарулы Күштері құрылған жылдардан бері әскерді қалыптастыру үшін заң үстемдігінің маңыздылығына, әскери тәртіптің нық болуына жіті назар аударып: «Біз — егеменді елміз, және де қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі сыртқы және ішкі саясатымызды қалыптастыру ісінде жалпы құрылымында іргетас болуы тиіс.Сол себепті бізге заманауи, соңғы үлгідегі қару-жарақпен қамтылған, жоғары мобильді, егеменді елімізді қорғау мүддесі үшін кез келген жағдайда әрекетке дайын жаттыққан, үйренген әскер қажет», деген болатын.
Қазақстан • 20 Қаңтар, 2020
Ауыл шаруашылығы министрлігі мал экспортын тоқтатты
Тірі малдың жаппай экспорты ет өнімдері бағасының өсуіне негіз болды. Сонымен қатар қалыптасқан жағдай қазақстандық ет өңдеу кәсіпорындары мен бордақылау алаңдарының жүктемесінің төмендеуіне алып келді. Орташа алғанда 2019 жылы қазақстандық ет өңдеу кәсіпорындары өз қуатын толық пайдалана алмаған. Олардың толық жұмыс істемеуінің негізгі себебі тірі малдың жаппай экспортының салдарынан шикізат тапшылығы болды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 20 Қаңтар, 2020
Көп балалы отбасылар баспаналы болды
Бүгінгі таңда мемлекет тарапынан халықты қолжетімді баспанамен қамтуға ерекше мән беріліп келеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында «Негізгі қағидат – тұрғындар, әсіресе әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтар үшін баспананың қолжетімділігін арттыру», дей келе, баспана сатып алуға жағдайы жоқ азаматтарға әлеуметтік жалға алу тәртібімен қоныстану үшін мүмкіндік беру қажеттігін де айтқан еді. Сонымен қатар мемлекет тарапынан «Нұрлы жер», «7-20-25» және «Бақытты отбасы» сияқты тиімді бағдарламалар қабылданды.