Қазақстан • 20 Қаңтар, 2020

Абай Тасболатов: Әскері қуатты ел алаңсыз өмір сүреді

680 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін

Еліміз тәуелсіздік алған сәттен бастап Елбасы еліміздің қорғаныс қабілеті Отан қорғаушылардың біліктілігіне, жауынгерлік және патриоттық рухына байланысты екенін айқын түсінді. Сондай-ақ Тұңғыш Президент Н.Назарбаев Қазақстан Қарулы Күштері құрылған жылдардан бері әскерді қалыптастыру үшін заң үстемдігінің маңыздылығына, әскери тәртіптің нық болуына жіті назар аударып: «Біз — егеменді елміз, және де қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі сыртқы және ішкі саясатымызды қалыптастыру ісінде жалпы құрылымында іргетас болуы тиіс.Сол себепті бізге заманауи, соңғы үлгідегі қару-жарақпен қамтылған, жоғары мобильді, егеменді елімізді қорғау мүддесі үшін кез келген жағдайда әрекетке дайын жаттыққан, үйренген әскер қажет», деген болатын.

Абай Тасболатов: Әскері қуатты ел алаңсыз өмір сүреді

 

Бүгінгі таңда Қазақстанның Қарулы Күштері де елмен бірге дамып, заманауи талаптарға сай же­тіле түсуде. Қазақстан Пре­зи­­­дентінің Жарлығымен 1992 жылы құрылған Қарулы Күш­­тер алғашқы бес жылда біраз қиыншылықты бастан кешір­­ген. «Халық пен әскер – бір» де­мек­ші, елдің экономикасы тұ­ра­лап тұрған шақта әскердің жағ­дайын сұрау ерсі еді. Әскери кадр­­лар жетіспеді. Ескі техника, жанар­­май тапшы­лы­ғы қолбайлау бол­ды. Соның бәріне төзіп, шы­дам­ды­лық көрсе­тіп, тұйықтан шыға білдік. Қазақ­станның әске­ри тари­хында осы алғашқы қа­лып­тасу кезеңдері алтын әріп­тер­­мен жазылуы тиіс.

Қарулы Күштердің, жалпы күш­­тік құрылымдардың алдында үлкен міндеттер тұр. Бұл – елі­­міздің тәуелсіздігін қорғау, тер­ри­­­то­риялық тұтастығымызды сақ­­тау, ұлт­тық, соның ішінде әске­ри қауіп­сіз­ді­гі­­міз­­ді қамта­ма­­сыз ету. Тәуелсіздік алған 28 жыл ішінде еліміздің эконо­ми­касы айтарлықтай дамып, өмірі­міз­­де елеулі өз­герістер болды. Қазақ­стан өркениет кө­шін­де кейін қалмай, дамыған елдер қата­­рына қо­сылу мақсатында үл­кен жолдан өтті.

Мемлекет тарапынан әс­ке­­­­­­ри­­лер үшін бар­лық жағ­дай жа­салған. Қару­лы Күш­тер бөлім­дері үнемі түрлі дең­гей­­­де оқу-жат­тығулар өткі­зіп, әскери шеберлігін, кә­сі­би білік­­тілігін көтеріп отырады. Біз Ұжымдық қауіпсіздік тура­лы шарт ұйы­мын­дамыз. Жыл сайын ұйымға мүше мем­лекеттер әскерлерімен бірге әске­ри жат­тығуларға қатысамыз. Жыл­­дам әрі шалт қимылдайтын мобил­ьді әскеріміздің әле­уе­ті сол жат­ты­ғуларда анық байқалады. За­­м­а­науи техника мен қару, бі­лік­ті әскери мамандар кез кел­ген жағ­дайда алға қойған мақ­са­тына жете алады. Жаңа заңға сәйкес әске­ри­лерді баспанамен қамтамасыз ету мәселесі де оң шешімін табуда. Мұның барлығы Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қ.Тоқаевтың ерен еңбегі деп білеміз.

Жоғары нәтижеге қол жет­­кі­зу бар да, оны сақтап қа­лу бар. Сондықтан болар, Қа­зақ­стан Респуб­лика­сы Бас әскери про­ку­ра­­ту­ра­сы­ның жаны­нан еліміз­дің күш­тік құры­лым­дары мен әске­ри саласында Заңдылықты қам­та­ма­сыз ету мәселелері жөнін­де­гі консультативтік кеңес құ­рыл­ды. Аталған кеңес – Бас әске­ри прокуратураның кон­суль­­та­тивтік-кеңесші органы. Кеңес өз қызметінде Қазақ­стан Республикасының Конс­титуциясын, Қазақстан Респуб­ли­касының «Прокуратура туралы» заңын және басқа да норма­тивтік құқықтық актілерін бас­шылыққа алады. Кеңестің шешім­дері ұсынымдық сипатта бола­ды.

Қазақ халқында «Кеңесіп піш­кен тон келте болмас» дей­тін жақсы нақыл бар. Ортақ іске келгенде пікірлесу, ақыл алмасу, шешім ұсынудың артықшылығы жоқ. Сондықтан да, Кон­суль­та­тив­тік ке­­ңестің ережесіне сай жылына екі рет отырыс ұйым­дастырылады. Кеңес қыз­­­ме­тінің мақсаты – Қарулы Күш­тер­­дегі заңдылықтың жай-күйін арттыру, мемлекеттің құқық­тық сая­сатын жүр­гі­зуге көмек көрсету. Сондай-ақ әс­кери прокуратураның үкімет­тік емес ұйым­дар­мен, әскери қауым­дас­тықпен және тұр­ғындармен өзара қатынасын дамыту және одан әрі жетілдіру болып табылады. Яғни, әскерде заңдылықты қамтамасыз ету сала­сында не­ғұр­­­лым күрделі және өзекті мә­се­­­лелерді шешуге байланыс­ты аза­маттық қоғам­ның бас­та­ма­­ларын қарау. Жоспарлы оты­­рыс­­тарға еліміздегі әскер мен құ­қық қор­ғау органдарындағы бі­рінші басшылар және Бас әске­ри прокурордың өзі қаты­са­ды.

Сондай-ақ кеңестің тұрақты мү­шелері болады. Мен өзім көп жылдан бері еліміздің Қару­лы Күштерінде қызмет атқар­ған­нан кейін, әскердің ахуа­лын білемін. Сонымен қоса Парламент Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мү­шесі ретін­де заңдылықты қам­та­масыз ету мәсе­ле­ле­рі жө­нін­­дегі консультативтік кеңес төра­ға­лы­ғын маған сеніп тап­сыр­ды.

Отырыста әскери салада ма­ңыз­ы зор, көкейкесті мәсе­лелер қаралады. Осы мә­се­­­ле­лер­ге байланысты жауапты аза­мат­­тар­дың баяндамалары тыңдалып, бірін­ші басшылардың пікірлері айтылады. Қоғам­да, БАҚ-тарда көп талқыланатын тақы­рыптар кеңестің отырысында сөз етіледі.

Мысалы, бүгіннің өзекті мәселесі азаматтарды тұрғын үй­мен қамтамасыз ету мәселелері. Әске­ри қызметшілердің басым бөлігі жастар әрі жас отба­сы­лар бол­ған­дықтан тұрғын үймен қамтамасыз ету мә­селесі күн тәртібінде тұр. Былтырдан бастап әскерилерге қа­тыс­ты заңға қажетті өзгерістер ен­гі­­­зіліп, бас­па­на­лы болудың жа­­­ңа механизмдері енгізілуде. Ен­ді олар үшін баспанаға қол жет­­кізу бұрынғысынан оңай бо­лады. Со­лай десек те, әске­ри басшылықтың мо­­дел­ді жүзе­ге асыру мәселесін қада­ға­­лау қажет. Сондықтан Кон­суль­та­тивтік кеңес отырысында әске­ри қызметшілерді бас­па­на­мен қамтамасыз етудің жа­ңа мо­де­лін іске асыру бары­сын талқыладық. Әскери қызметшілер мен олардың отба­сы мүшелерінің тұрғын үй­мен қам­та­масыз етудегі құ­қық­та­ры­ның бұзылмау шараларын қабылдау, заңдылықты сақтау мә­се­ле­сі қызу талқыдан өтті. Әр әскери орган осы мәселеге байланысты ортақ шешімге келді.

Сондай-ақ Қазақстан Респуб­ли­ка­сындағы әскери-патриоттық жұмыстарды жетілдіру мәселесі оты­рысымыздың бө­лек тақы­ры­бына айналды. Әскери салада тәрбие мен идеологиялық жұ­мыс­­қа қатысты азаматтар өз­де­­рінің баяндамаларын оқып, жұмыс барысы жайында хабардар етті. Осыған орай еліміздегі әс­кери-патриоттық жұмыстарды жетіл­ді­руге қатысты ведомс­тво­аралық жұмыс тобын құру мақұлданды. Оның құрамына әскери және құқық қорғау саласында көп жылдық тәжірибесі бар заңгерлер, арда­гер­лер және Отан қорғаушылар енді. Сондай-ақ болашақта жоспарланып отыр­ған жұ­мыс­тар­мен таныстырды.

Жаз­ғы және қысқы мезгілде әс­кер­ге ша­қыру науқаны бастала­ды. Бұл да қо­ғам тарапынан көп талқыланатын та­қы­рып, оты­рыс­қа қатысатындар да, ке­ңес мү­шелері де осы мәселемен етене таныс. Сондықтан кеңестің келе­сі отырысында Қарулы Күш­­терге, басқа да әскерлер мен әске­­ри құрылымдарға мін­дет­ті әс­керге 2019 жылдағы ша­қыру­дың заңдылық жағ­дай­ының мә­се­ле­лерін талқылаймыз.

Әсіресе әскерге шақыру және ме­ди­циналық комиссия­ла­­рды қа­лып­тас­тыру барысын­да заң бұ­зу­шы­лық­тар­ға жол бермеу, тар маманды дәрі­гер­лер­мен қамсыздандыру бо­йын­ша жұмысты күшейту, жер­гі­лік­ті атқарушы органдармен біріккен жұмысты жалғастыру секілді тақырыптар талқылауға түседі. Бастысы аталған сала­дағы кемшіліктерге назар ауда­рылып, оларды жою және ке­лешекте болдырмау жол­дары қарастырылады. Өйт­кені Кеңестің міндетіне аза­мат­тардың құқықтарын және бос­тан­дықтарын қорғауды қамта­ма­сыз ету кіреді.

Мемлекетіміздің қорғаныс қабілет­тілігі, Қарулы Күштердің дамуы, әскери қауіпсіздікті қам­тамасыз ету мәселесі ел бас­шы­­лығының назарында болуы тиіс. Уақыт күтпейтін көкейкесті мәселелер осындай консультативті органдар арқылы тиісті органдарға жет­кен жөн. Осы тұр­ғы­дан алған­да Заңдылықты қамта­­ма­сыз ету мәселелері жө­нін­дегі консуль­та­тивтік кеңес­тің жұмысы жеміс­ті деп біле­­мін. Тек осындай қоғам­дық белсенді кеңесші ұйымдар арқылы қордаланған мәсе­ле­лер өз шешімін табады. Консуль­та­тивтік кеңестің отырысында қаралған проблемалардың негіз­гі­лері Парламент Мәжілісінің қабыр­ғасында қозғалады. Халық­арал­ық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі ретінде әскери қызмет­ші­лерге қатысты заң жобасы қабылданар тұста аталған кеңесте айтылған мәселелердің үнемі бақылауда болатынына сендіремін.

Бүгінгі таңда Қазақстан Қару­лы Күш­те­рі жан-жақты жетіл­дірілу үстінде. Қа­зақстан Рес­пуб­ликасы Бас әскери про­ку­­ратурасы жанындағы Заңдылықты қам­­та­­масыз ету мәселелері жөніндегі кон­суль­­тативтік кеңестің атқа­ратын жұмысының ауқымы кең. Ол – әскери про­куратура органдарымен бірлесе әскердің өміршеңдігіне қатысты барлық мәселені өз қадағалауында ұстап, еліміздің қорғаныс қабілетінің артуына өз үлесін қосу. Әскері қуатты ел алаңсыз өмір сүреді.

 

Абай ТАСБОЛАТОВ,

Парламент Мәжілісінің депутаты, генерал-лейтенант