Қоғам • 20 Қаңтар, 2020
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервіне енген 300 азаматпен жүздескенде «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына, мемлекеттік басқаруды реформалау мәселесіне қатысты пайымды пікір білдірген еді. Ал осы сындарлы іріктеуден сүрінбей өтіп, болашақта мемлекеттік басқаруға араласатын ел жастары алға қойған мақсаттары, арман-мұраттары тұрғысында орамды ой бөліседі. Кезең-кезеңімен жауапты қызметке орналаса бастаған бұл жастардың жасампаз қадамы, тың идеялары, ордалы ой-толғамдары қаз-қалпында беріліп отыр. Мархабат...
Аймақтар • 20 Қаңтар, 2020
Өлкетану өрендердің өресін өсіреді
Батыс Қазақстан облыстық Тілдерді дамыту басқармасы мұрындық болған «Туған өлке – тұнған тарих» атты ғылыми-зерттеу жобасы байқауы мәреге жетті. Білім мен ізденіс жарысына облыстың барлық аудандарынан 7-8 сынып оқушылары қатысқан болатын.
Руханият • 20 Қаңтар, 2020
Түркістанды жырламаған ақын, Түркістанды зерттемеген тарихшы, Түркістан туралы жазбаған қаламгер кемде-кем. Бұл – көне шаһардың біздің халықтың жүрегінде айрықша орны бар екенінің белгісі. Бүгінде күллі ел Түркістанның жаңа дәуірінің бастауының куәгері болып, ерекше сүйсініп жатыр. Күн сайын, ай сайын өзгеріп, Толағайдай өсіп жатқан Түркістан алып құрылыс алаңына айналған.
Қоғам • 20 Қаңтар, 2020
Бейбіт Атамқұлов: Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы туралы жаңа заң несімен тиімді?
2019 жылғы 26 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына қол қойды. Жаңа заңның негізінде еліміздің тұрғын үй саласында жүзеге асырылатын реформа бірқатар күрмеуі қиын мәселенің түйінін тарқатуға бағытталған.
Руханият • 20 Қаңтар, 2020
Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында елімізде күтілетін бірегей шара – ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойының өткізілуінің, оған жаппай халық болып дайындалудың қаншалықты маңызды және қажетті екендігі айтылады. Бұл шаралар «той тойлау үшін емес, ой-өрісімізді кеңейтіп, рухани тұрғыдан дамуымыз үшін өткізілмек» дейді Президент сөз басында мәселені бірден ашып.