Аймақтар • 19 Қаңтар, 2020
Қызылорда: Еріктілер жылындағы жобалар талқыланды
Қызылордадағы Достық үйінде облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы волонтерлер қозғалысы орталығының бірыңғай ашық есік күні өтті.
Аймақтар • 19 Қаңтар, 2020
Баянауылда боранда жоғалғандар табылды
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қаңтардың 17-і күні 1988 және 1989 жылы туған екі ер адам сағат 17:00-де Мауке бөлімшесінен УАЗ автокөлігіне шығып кетіп, жоғалып кеткен.
Аймақтар • 19 Қаңтар, 2020
Қызылордада ақбөкен атқан «Охотзоопром» мекемесінің 3 қызметкері ұсталды
«Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы барысында Қармақшы аудандық полиция бөлімі учаскелік полиция инспекторлары мен «Охотзоопром» РМҚК өкілдерінің бірлескен рейді барысында Қармақшы ауданынан 15 шақырым жерде орналасқан «Тышқантам» учаскесінде «Ланд Крузер ЛХ76» маркалы автокөлігі тоқтатылды. Тексере келгенде көліктің «Охотзоопром» РМҚК мекемесіне тиесілі екендігі анықталды, ондағы 3 адам да сол мекеме қызметкерлері болып шықты. Бұл туралы Қызылорда облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 18 Қаңтар, 2020
Алты көлік қар құрсауынан шығарылды
Жолға шыға алмай тұрған адамдарға жатын орын мен тамақ ұйымдастырылды.
Аймақтар • 18 Қаңтар, 2020
Біз жақта қарлы боран бұрқырап тұр, Фархат та домбырасын жұлқылап тұр...
Көкпекті ауданында тіпті, бір жарым, екі метрге жуық қар жауғанын айғақтайтын видеолар тарап жатыр.