Аймақтар • 19 Қаңтар, 2020

Баянауылда боранда жоғалғандар табылды

223 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің  мәліметінше, қаңтардың 17-і күні 1988  және 1989 жылы туған екі ер адам сағат 17:00-де Мауке бөлімшесінен УАЗ автокөлігіне шығып кетіп, жоғалып кеткен.   

Баянауылда боранда жоғалғандар табылды

Департамент қызметкерлері жедел сағат 21.45-те Лекер ауылының Мауке бөлімшесінде іздестіру жұмыстары жүргізілді.

-Іздестіру жұмыстарына  департаменттің 4 қызметкер, 1  техника және жоғалған адамның   туысы  іздестіру шараларына жұмылдырылды.

Сөйтіп 18 қаңтар күні сағат 02.20-де. іздеу тобы  оларды Мауке бөлімшесіненен 1, 5 шақырым қашықтықта тауып,  аудан орталығына жеткізеді.

Ауылдың екі тұрғынының жағдайы қанағаттанарлық, медициналық көмек қажет болмаған.