Аймақтар • 19 Қаңтар, 2020

Қызылорда: Еріктілер жылындағы жобалар талқыланды

198 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қызылордадағы Достық үйінде облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы волонтерлер қозғалысы орталығының бірыңғай ашық есік күні өтті.

Қызылорда:  Еріктілер жылындағы жобалар талқыланды

Оған этномәдени бірлестік басшылары, облыстық ҚХА құрылымдары, ҮЕҰ өкілдері, волонтерлер қатысты.

Ашық есік күнінде «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Асылбек Жұмабаев алдағы мақсатты жұмыстарға тоқталып өтті. Ол Мемлекет басшысы Жарлығымен биыл Волонтерлер жылы болып жарияланып, Достық үйлерінің базасында волонтерлер қозғалысының орталықтары  ашылғанын атап өтті.  

ҚХА волонтерлік қозғалысының негізгі бағыттары, қызметі мен құрылымдары жайлы «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы Қанат Ақылбеков хабарлама жасады. Ол қоғамдағы әлеуметтік, өзге де мәселелерді шешуде волонтерлік қызметтің маңыздылығын арттыра отырып, жұмысты үйлестіру, бастамаларына қолдау білдіру секілді нақты жобалар жүзеге асырылатындығын алға тартты.

Спорт бағыты бойынша пікір білдірген кәріс этномәдени бірлестігі жетекшісінің орынбасары Юрий Ким тек қана жастар емес, барлық қалауы бар жүрегі жайсаң жандарды игілікті істерді жасауға шақырды. ҚХА жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі Александр Абанин  білім бағыты бойынша ойын ортаға салды.  

Волонтерлік орталық бойынша 4 жоба қарастырылған болса оның ішінде медиация саласы бойынша волонтерлік қызметті дамытуға айқын көңіл бөлінген.  

«Ел Арай» қайырымдылық қорының директоры Асхат Байдәулет бірнеше жылдан бері волонтер болып келеді.

Біздің қор бірнеше жылдан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясымен бірлесіп жұмыс жасап келеді. Бүгінгі облыстық ассамблеяның бастамасымен ашылған орталықтың бағыттары қоғамның өзгеруіне үлкен септігін тигізеді деп ойлаймын. Өткен жылы шет аймақтағы көгілдір отынсыз отырған үйлерге газ орнатып бердік. Одан бөлек, жетім балалар мен мүмкіндігі шектеулі балалардың ой-өрісін арттыратын әртүрлі спорттық, ойын-сауық шаралары, танымдық саяхаттар ұйымдастырылды. Алдағы мақсатымыз, мұқтаж отбасыларға қол көмегін көрсетіп, үй-үйлерді аралап, қораларына тал егіп, үй шаруашылығындағы жұмыстарына көмектесу, деді ол.

Шара соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, алдағы жоспарларды талқыға салды.

Соңғы жаңалықтар