Қоғам • 19 Қаңтар, 2022
Қостанай облысы Арқалық қалалық Дала өлкесі мұражайында Сары Қошқар батырдың кіреуке сауыты сақталған. Тарихи жәдігерді мұражайға 1973 жылы Амангелді мемориалдық музейінің директоры Жаңбыршы Жаңғабылов тапсырған.
Қоғам • 19 Қаңтар, 2022
Жаз шыға әжем екеуміз қырда мал бағып отырған Жанұзақ жездем мен Балжан апамның үйіне барамыз. Жанұзақ аға − совхоздағы озат шопандардың бірі, жыл сайын осы «Дүбірді» жайлайды. Бұл жердің ауасы таза, оты құнарлы, ұсақ мал тез оңалады. Біз балалар таң атқаннан кеш батқанға дейін ойын соғамыз, суға шомыламыз, арасында құм сағыз тереміз. Әсіресе маған жайлаудағы кешкі мезгіл қатты ұнайды.
Өнер • 19 Қаңтар, 2022
«Жайлаукөл кештері» қалай дүниеге келді?
Өмірін өнерге арнап келе жатқан ғажап композитор, музыкатанушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қырғызстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Илья Жақановтың барлық әнін кәсіби мамандар жоғары бағалайтыны рас. Өйткені ол – өнердің шын өкілі. Оның өнерінде халтураға орын жоқ. Композитордың «Еділ мен Жайық», «Даниярдың әні», «Жайлаукөл кештері» секілді өзге де туындылары әлі күнге елінің жүрегінде сақталған. Сақтала береді де.
Қоғам • 19 Қаңтар, 2022
Жұмыссыздық: Сандарға сеніп, сан соғып қалған жоқпыз ба?
Елдегі әлеуметтік жағдайдың жай-жапсарын отандастарымыздың жұмыспен қамтылуымен, халықтың табысымен бағамдауға болады. Алайда статистикалық мәліметтер мен мемлекеттік органдар ұсынатын деректерге қарап тон пішу шынайы жағдайды айқындай алмасы анық. Мемлекет басшысы айтып өткендей, «цифрлармен ойнауды қойып, нақты істерге көшетін кез келді». Жалпының жай-күйі жақсы болғанымен жалқының, яғни әрбір жеке адамның әлеуметтік әл-ауқатына Қазақстанда қаншалықты мән беріледі? Жұмыссыздық пен жоқшылық, кедейшілік жұртымызды қос бүйірден қысып тұрған жоқ па?
Руханият • 19 Қаңтар, 2022
«Бір Отаным деп...» 7 сыныпта жүргенімде Серік Шәкібаевтың «Үлкен Түркістанның күйреуі» деген кітабы шықты. Ауыл кітапханасынан үйге әкеп бас алмай оқыдым. Кітап бастан-аяқ Мұстафа Шоқайға арналыпты, ол әкем айтқандай біздің ауылдан шыққан біртуар азамат емес, туған елінің бақытына кереғар тұрған дұшпан, Отанын сатқан нағыздың өзі екен.